ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

БІЛІМ САПАСЫ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ

14:42, 15 сәуір 2019

РКС: Жолдауда еліміздің білім жүйесіне, әсіресе педагог қауымына айрықша көңіл бөлінді. Саналы ұрпақ, білімді азамат, мемлекетшіл тұлға қалыптастыру – педагогтардың еншісінде екені белгілі. Сондықтан да, педагогтың мәртебесін айқындау, оның құқықтарын белгілеу, мемлекет тұрғысынан қолдау талантты жастардың осы салаға бет бұруына, еліміздің әлемдегі ең озық елдердің қатарына кіру мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашатынына сеніміміз мол,-дейді ақмолалық білім беру саласының мамандары. 

СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ /// Елбасы Жолдауы педагогтарға маңызды. себебі, көп жылдардан бері айтылып келе жатқан педагогика саласындағы проблемалар айтылды. Педагог статусы туралы заң қабылданады. Көп ұсыныстар айтылып жатыр, жазылып жатыр. Сонда мен ойлаймын, педагог статусы жоғарылайды.  Білім саласына жастар келу керек. Жаңа заң қабылданғаннан кейін жастар педагика саласына келеді деп ойлаймын. ///

РКС: Педагог мәртебесін арттыру – ұстаздар қауымы үшін өте маңызды. Себебі, білім мен инновация қатар дамыған заманда ұстаздың заман талабына сай болуы қажет. Бар көңілін оқушының дамуына көңіл бөлген ұстаздың еңбегі жемісті болары сөзсіз. Мәселен, Көкшетау қаласындағы ІТ мектеп-лицейінің оқушылары ұстаздарының жемісті еңбектерінің нәтижесінде түрлі пәндік олимпиада мен ғылыми байқаулардың жеңімпаздары атануда. 11-ші сынып оқушысы Ермек Рәшитов география пәнінен өткен қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Сонымен қатар Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің гранты үшін бағын сынаған 9 мың оқушының ішінен үздік атанып, белді оқу ордасында тегін оқу мүмкіндігіне ие болып отыр.

СНХ: ЕРМЕК РАШИТОВ, ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ///Мен болашақта география пәнін тереңірек зерттеп, ғылым ретінде оны дамытып, көптеген география бұл Қазақстандағы ең жас ғылымдардың бірі, сонд географияны тереңірек зерттеу арқылы елімізге пайдалы оқулықтар, энциклопедиялар, ғылыми жобалар әлемдік дәрежеегі ғылыми жобаларды қорғағым келеді.

РКС:  Еліміздің әрбір саналы азаматы өзінің бар күш-жігерін «мәңгілік елдің» экономикасын қалыптастыруға, еліміздің еңселі де қуатты болуына жұмсауы керек. Ендеше, Ермек сияқты білімді ту еткен жастар болашаққа нық қарап, елдің дамуына зор үлесін қостаныныа сенім мол,-дейді ұстаздар.

Бибінұр Әмірханқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар