ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР!

15:22, 6 қаңтар 2020

 


8 бен 11- ші сынып оқушылары арасында жалпы білім беру пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.  Ғылыми білімді насихаттап, оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсатын көздеген олимпиаданың облыстық іріктеу кезеңіне биыл 405 оқушы қатысып, бақтары мен білімдерін сынға салды.

Білім бәйгесіне келген әр оқушы өз мектептерінің оқуда озаттары. Облыстық кезеңге аудандық сынақтан сүрінбей өткен үздіктер таңдалып алынған. Тиісінше, енді облыстан жеңімпаз атанған үздіктер наурыз айында өтетін республикалық жарыста өңірдің намысын ту етпек. Олимпиада 14 жалпы білім беру пәндері бойынша, теориялық және тәжірибелік екі кезеңнен өткізілуде.  Қатысушылардың барлық білгенін ортаға салып, талантын көрсетуге мүмкінді те уақыт та берілген.   

БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл жылда ұйымдастырылатын дәстүрге айналған пәндік олимпиадалардың бірі. Республикалық кезеңін «Дарын» практикалық-ғылыми орталығы ұйымдастырады. Олимпиадаға берілетін тапсырмаларды күнбе-күн алып, қатысушыларға бірден береміз. Тапсырмалар, сұрақтар ерте берілмейді. Жыл сайын облыс атынан баратын балаларымыз республикалық кезеңде жүлделі орындарды алып жүр. Соңғы екі жылда үшінші және екінші орынды жеңіп алған оқушыларымыз бар.    

10, 11- ші сынып оқушылары гуманитарлық бағыт бойынша алты пәннен, ал 8, 9, 10-шы сынып оқушылары жаратылыстану бағытындағы сегіз пәннен білімдерін сынап,   республикалық жолдаманы сарапқа салуда. Адам, қоғам, құқық пәндерінен олимпиаданың қатысушысы,  Степногорск қаласынан келген Мәдина Сиепберген осы олимпиада арқылы білмегенімізді үйреніп, білімімізді жетілдіруге үлкен мүмкіндік алдық, - дейді.  

МӘДИНА ЕЛЕПБЕРГЕН, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ

Мен Степногорск қаласынан келдім. 11–ші сынып оқимын. Дарынды балаларға арналған «Болашақ» мектебінде білім аламын. 8-ші сыныптан бастап олимпиадаға қатысып келемін, сұрақтар қиын болған жоқ. Дегенмен де, білмейтін сұрақтар болды оны достарымнан сұрап жауабын біліп алдым.  

Білім бәсекесінің оқушыға берері көп. Үш күнге созылатын облыстық олимпиаданың қортындысы 7-ші қаңтар күні белгілі болмақ. 

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ САБЫР ҚҰЛАТАЙ КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...