ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! Толығырақ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ УЫҒЫ!

18:25, 16 мамыр 2018

РКС: Красный Яр кентіндегі №3 көпсалалы орта мектеп-гимназиясында 600-ден астам оқушы бар. Ал 11-сыныпты 40 оқушы тәмамдайды. Жиналыс  барысында алдымен осы мектеп оқушыларының жетістіктері айтылды. Басқосуға ата-аналардың басым көпшілігі жиналған. Олардың айтар мәселелері мен ұсыныстары да бар.

СНХ: БАЛЖАН АХМЕТОВА, АТА-АНА/// Қазіргі қоғамда бізде жұмыссыз жүрген, нақты жұмысы жоқ ата-аналар көп.  Тым болмаса 1 сыныптан 4-ші сыныпқа дейінгі оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге болушы еді деп ойлаймын мүмкін болса.  + одан кейінгі жазғы сауықтыру лагерлері жайында. Мектеп жанынан ашылады. Бірақ ол бәрібір балаларды 100 пайыз қамтамасыз ете алмайды. Өйткені кейбір балалар оған қызықпайды. Мектепке келгілері келмейді. Ал лагерларға баратын болса, тиімдірек болар еді. Ол қызығушылықтарын арттырады. Жақсы оқитын оқушыларды, немесе қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатындарды осымен қамтамасыз етсе, ол балалорды қызықтыратын еді.

РКС: Жиында сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын мектептерде жүзеге асыру жұмыстарының жүргізілу тәртібі сөз етілді. Бұдан бөлек мектеп бітіруші түлектерді аттестациялау, оқу процестерін цифрландыру мәселелері де қаралды.  Дәл осындай тақырып Көкшетаудағы №19 мектепте  де айтылды.

СНХ: МАНАРГҮЛ ТОҚАН, №19 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ/// Бұл жиналыс жалпы ата-ана мен  оқушы арасындағы  байланыстың түйіні деп айтуға болады. 2017-2018 жылғы оқу жылын міне  бір аптадан кейін аяқтағалы отырмыз. Ата-аналардың басын қосудағы мақсатымыз  - қорытынды емтихандардың ретін, ережелерін түсіндіру.

РКС: №19 мектепте 1282 оқушы білім алады. Оның 10 пайыздан астамы ерекше оқу қажеттілігі бар балалар. Оқу ордасындағы 90 мүмкіндігі шектеулі баланың 11-і үйде оқытылады. Айта кету керек оқушының білімді әрі тәрбиелі ұрпақ болып қалыптасуына мектеп пен ата-ана қатар жауапты. Жалпыхалықтық жиналыстың түйіні де сол.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 «ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
«ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
14:19, 21 мамыр 2018
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
18:21, 17 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
18:21, 17 мамыр 2018
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Толығырақ...