ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

БІР ТӘУЛІКТЕ 3 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

13:52, 14 мамыр 2020

 

ДК: Қорғалжын ауданында өзенге шомылған жасөспірім суға батып кетті. Ал Бурабай ауданында тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды.

РКС: Төтенше жағдай 13-ші мамырда кешкі сағат бестер шамасында Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылынан 8 шақырым жерде орын алған. Оқиға куәгерлерінің сөзінше бес студент Нұра өзеніне дем алу үшін барған. 2002-ші жылы туған жасөспірім суға шомылып жүріп, жағалаудан алыстап кеткен.

СНХ: АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ /// аударма /// Департаменттің судан құтқару отдрядынан сүңуірлер  кеше кешке ауданға жіберілді. Іздестіру жұмыстары 14 мамырда таңертеңгі 7-де басталды. 44 минутта жасөспірімнің денесі судан шығарылды. Жасөспірімнің Нұр-Сұлтан қаласындағы колледжде оқитыны белгілі болды. Карантин шаралары аяқталса,  суда шомылу науқаны аймақта 1 маусымда басталады. ///  

РКС: Бүгін таңғы сағат 7-де  Щучинск қаласындағы 4 қабатты тұрғын үйден өрт шыққан.  50 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды ауыздықтауға 2 техника мен 11 өрт сөндіруші жұмылдырылған. 

СНХ: АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ///аударма///Өрт сөндіру барысында ас бөлмеден екі адамның мәйіті табылды. Олардың осы үйдің қожайыны екені анықталды. 1967-ші жылғы ер адам мен 79-шы жылы туған әйел. Қызының айтуынша, ата-аналары темекі тартады екен. Сондықтан, өрттің шығуына темекі тұқылы себеп болуы әбден мүмкін.// 

РКС: Өкінішке орай өткен жылы  өңірдің өзен суларында 22 адам суға кеткен болатын. Ал аймақта жыл басынан бері өрт салдарынан 10 адам қаза тапқан. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...