ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

БІРГЕ БӘРІН ДЕ ЖЕҢЕМІЗ!

17:41, 20 наурыз 2020

 

ДК: Олар таныс емес еді. 85-ті алқымдаған ақ жаулықты ана мен жүрегі мейірімге толы жас жігіт. Қарттарға жанашырлық пен қайырымдылық көрсеткен қарапайым көкшетаулықтың игі әрекеті бүгінде көпке үлгі боларлықтай. Бейнематериалға назар аударайық.

 

LIFE ВИДЕО  (кейіпкердің азық-түлік сатып алып жатқан сәті)

ШУМ: Баба Маша это я! Ой, ты же мой, золотой! Проходи! Проходи! 

РКС: Ізгіліктің жолы қайырлы. Өмірден көргені мен түйгені мол ақ жаулықты анаға көмектесем деген Дамир өзіне жанашыр тапты. 85-тегі әже өзіне мейірбандық танытқан жас жігітке әрдайым тілектес болып жүреді. Өмірлік кеңестерімен бөліседі. Соғыс жылдары өмір сүрген Мария әже өзінің ауыр балалық шағынан естеліктерін айтып, жеңілдеп қалады. Дамир болса, ыждағаттылық танытып, тыңдайды.

Ест. ШУМ  

РКС: Жалғыз тұратын қарттарға материалдық көмек қажет-ақ. Мұны түсінген Дамир аз да болса, бұл игі іске өз үлесін қосып келеді. Бір-бірімізге көмектесу арқылы, жүрегіміз мейірімділікке толады,- дейді өзі.

СНХ: ДАМИР ӘБІЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ  ///Бүгінде адамдар жеке басының мәселелерінен бас көтермейді. Онсыз да болмайды, дегенмен, арасында жан-жағыңа қарап, көмек пен қолдауға ерекше мәжбүр жандар бар екенін ұмытпау креек деп ойлаймын. Меніңше, айналаңдағы адамдарға қамқор болып жүруіміз керек. Мен көмектесіп жүрген Маша әже өз қолынан келгенше маған да қолдау көрсетуде. Ол  маған қашан да жанашыр екенін білдіреді, әрдайым тілектес болып жүреді. Өз ақыл-кеңестерін де аямайды. Әженің көргені көп. Ол небір қилы заманды басынан өткерді. Ендеше, бүгінгі біздің мәселделеріміз онымен салыстырғанда түкке де тұрмайды. Мен әжемен кездейсоқ таныстым. Ол үшін тағдырыма ризамын. ///

РКС: Пандемияға айналған covid-19 бүгінде бәрімізге қауіп төндіріп отыр. Сондықтан, сын сағатта бір-бірімізге қолдау көрсету – нағыз азаматтық іс,-дейді кейіпкеріміз. Әсіресе, қарттарымызға барынша көмек қолын созуымыз керек.

СНХ: МАРИЯ ЗЕЛИНСКАЯ,  ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ  ///Шіркеуге майшам қойып, амандықтарыңызды тілейтін боламын. Дамир екеуіміздің танысқаннан кейін, бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Ол менің балам сияқты. Маған қамқор болып жүреді. Осындай сәтте маған сонау 1955 жылдар есіме түседі. Сол жылдары бізді тың игеруге алыс сапарға жіберді. Сонда, солтүстіктің қазақтары бізді туғандарындай құшақ жая қарсы алған еді. ///

STAND UP : БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, РЕДАКТОР /// күнделікті күйбің-тірлікпен жүріп,  айналамызға бір сын көзбен қарауды ұмытпайық. Қазір көбіміз әлеуметтік желі арқылы коронавирустың жаңа деректерін оқып, жанымыз түршігері хақ. Бірақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету өз қолымызда. Ең бастысы, бір-бірімзге жанашыр болайық, қамқорлық танытайық! Бибінұр Әмірханқызы, Жамал Ғабдуллина, Дархан Мүжібаев Көкше ақпарат ///

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
19:42, 4 маусым 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...