ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

«БІРГЕ, ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!» АКЦИЯСЫ

17:40, 17 қыркүйек 2019

«Бірге, Таза Қазақстан!» акциясы өз жалғасын тапты. Акция аясында облыс орталығындағы бірқатар мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері Бұқпа тауын қоқыстан тазартты. Акцияның барысы жайында әріптесім Абзал Азаматұлы тарқатады.

Республикалық деңгейде өткен акцияға өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер де жең түре  белсене қатысты. Аталмыш шараға 5 ұйымның өкілдері жұмылдырылған. Акция барысында  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Бауыржан Ерімбетов экологиялық акцияға тек Қазақстан бойынша мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар барлық ведомстволық бағынысты ұйымдары да қолдау көрсетіп жатқандығын жеткізді.

БАУЫРЖАН ЕРІМБЕТОВ, "АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК  КОРПОРАЦИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біз барлық қызметкерлермен Бұқпа тауының аумағын жинаудамыз. Біз үшін бұл ерекше тимбилдинг, яғни таза ауадағы демалыс. Мұндай экочеллендждерді өткізу, әрине, қоршаған ортаға жағымды әсер етеді. Сондықтан, барлық қазақстандықтарды өз Отанын сүюге және демалыс уақыттарын өткізетін аумақтарын таза ұстауға  шақырамын.

Қолдарына қолғаптарын киіп, қоқысқа арналған қапшықтарын қолтықтаған жандардың көздегені бір. Яғни, Бұқпа баурайын қоқыстан тазартып, демалушылар үшін жайлы орын жасау. Сондай-ақ табиғат-Ананы аялау.

АҚБОТА ҚАНАФИНА, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК  КОРПОРАЦИЯСЫ  АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША  ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ

Ұжым болып табиғатты тазартуға атсалысып жатырмыз. Табиғат-Ананы аялауымыз қажет. Бізді өңірдің табиғаты тіптен ерекше ғой, сондықтан, осы бір байлықты таза ұстау бәріміздің азаматтық парызымызға айналуы тиіс. Барша қазақстандықтарды осы акцияға қатысуға шақырамын.

Акцияға қатысушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасады. Бірінші топ Бұқпа тауының ең жоғары жағын жинаса, екінші құрам тау бөктеріндегі түрлі қоқыс қалдықтарын тазартты.  Айта кету керек, акцияға Ақмола облысы бойынша 500-ге жуық  адам қатысты. Олар 5,5 тонна қоқыс жинап, 20 мың шаршы метрге жуық аумақты түрлі күл-қоқыстан тазартты

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...