ШҰҒЫЛ! ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ Толығырақ

БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

19:38, 6 желтоқсан 2019

 


Облыстық қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселесі және бірқатар нормативтік-құқықтық актілердің жобалары қаралып, мақұлданды. Кеңес мүшелерін әсіресе, мал шаруашылығы саласындағы субсидия көлемін бекіту қаулысына өзгертулер енгізу мәселесі қызықтырды. Нәтижесінде халық қалаулылары облыстық ауылшаруашылығы басқармасына субсидия бойынша алдын ала болжам жасап, нақты жоспар құру туралы өз ұсыныстарын жасады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша Ақмола облысы елімізде үздік үштіктің қатарында. Бұл әрине, сапаны арттыру бйоынша атқарылып отырған үздіксіз жұмыстың нәтижесі. Мәселен, жыл басынан бері 4 миллионға жуық мемлекеттік қызмет электронды форматта көрсетілген. Сонымен қатар электрондық үкімет порталын белсенді пайдаланатын тұлғалар үлесінің артуы байқалып отыр. Бұған дәлел ретінде электрондық-цифрлық қолтаңбалар санының өсуін келтіруге болады.

 БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсартуға қатысты бірқатар шешімдерді қабылдауға бүгінде қоғам өкілдері белсенді қатысып отыр. Бұл өте жақсы бастама. Себебі, біріншіден, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының стандарттарын бекітуге қоғамдық талқылаулардың нәтижесінде қабылданған шешімдер де әсер етуде. Екіншіден, белсенді қоғамдық мониторинг жүргізіледі. Үшіншіден, мемлекеттік органдардың бұл бағыттағы есептерін талқылауға да қоғам өкілдері қатыса алады. Биылғы жылғы мониторинг қорытындысы бойынша халық мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсы бағалаған. Яғни, 84 пайызы қанағаттанарлық деген баға берген. Бұл былтырғы көрсеткітен біршама жоғары.

Жиында сондай-ақ, бірқатар нормативтік-құқықтық актілердің жобалары қаралды. Оның бірі ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемін бекіту туралы қаулыға өзгерістер енгізуге қатысты болды.

ҚАЙРАТ КӨШЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ

 Бұл жобамен негізгі өзгеріс 4,5 млрд Үкімет резервінен қосымша бөлініп жатқан ақша. Сұрақтар болып жатыр. Сол сұрақтарды жабу үшін жыл аяғына дейін бөлініп жатқан ақша, осы 4,5 млрд. бізде асылтұқымды мал шаруашылыққа 1 миллиард 23 млн болып және мал шаруашылығы өнімін субсидиялауға 3 миллиард 476 миллион болып бөлініп отыр. Бұл бөлу біріншіден автоматтандырылған субсидиялау жүйесі бар, соған берілген өтінімдер арқылы бөлініп отыр. Бұл фактически берілген өтінімдер, соларды жабу үші. а/ш Минситрлікпен келісілді бұл сұрақ. Заңға сәйкес сіздердің алдарыңызға шығарылып отыр. 

Кеңес мүшелері басқарманың бұл жобасын мақұлдады. Десе де, субсидиялардың кеш бөлінетініне, басқарманың алдын ала жоспарлау ісі ақсаңдайтыны себеп деген пікірлерін алға тартты. Сонымен қатар субсидиялардың азық-түліктің өзіндік құнына неліктен оңтайлы ықпалы жоқтығына қатысты наразылықтарын білдірді. Жиын соңында қоғамдық кеңес өкілдері алғашқы жартыжылдықтарының жоспарларын бекітті.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
19:48, 12 тамыз 2020
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛД...
Толығырақ...
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
19:46, 12 тамыз 2020
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...