ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ – БАРШАҒА ОРТАҚ

18:04, 6 ақпан 2020

Көкшетаулықтар өздерін толғандырған мәселелерін бір жерде отырып-ақ шешу мүмкіндігіне ие болды. Яғни,  қала әкімі Амангелді Смайылов өзінің орынбасарлары мен қалалық бөлім жетекшілерінің қатысуымен азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Осы жолы әсіресе, көктем сайын үйлерін су басатын ауызекі тілде «Шанхай» аталып кеткен шағынауданның шеткері орналасқан 10 шақты үйдің тұрғындары белсенділік танытты. Олар шаһар басшысынан баспана мәселесін шешуді сұрады. Қалалықтарды толғандырған басқа да мәселелер жөнінде толығырақ алдағы бейнематериалда.

РКС: Валентина Заводская қала әкіміне өзінің ғана емес, өзі сынды көктемгі ағын судан жылдар бойы зардап шегіп отырған көршілерінің де өтінішін арқалап келіп отыр. Яғни, ауызекі тілде «Шанхай» аталып кеткен аудандағы 12 барак тәрізді үйлердің тұрғындары шаһар басшысынан қоныстарын ауыстыруға көмек көрсетуді сұрады. Себебі, жыл сайын үйлері су астында қалып, мүліктері бүлінетін көрінеді. Оның үстіне баспаналарының тозығы жетіп, әбден шөккен.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ЗАВОДСКАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

//аударма: что с нами будет? Переселяйте нас куда-нибудь. ...біздің әрі қарайғы күніміз не болмақ?! Ол жерден біздің қонысымызды ауыстырыңыздар. Ол жердегі қар суының бәрі біздің үйлерге кіреді. Қазірден бастап апат бола қалса, көшуге дайындалып жатырмыз. Қытай сөмкесін де алып қойдық. ///

РКС: Шаһар басшысы Амангелді Смайыловтың айтуынша, ағын судың алдын-алу бағытындағы жұмыстар қазірден бастап қолға алынған. Мәселен, суды бөгеу мақсатындағы техникалық шаралармен қатар, үйлерін су басқан тұрғындарды уақытша қоныстандыру мақсатында 40 шақты адамға уақытша жатақханалар әзірленген. Ал, ескірген үйлерді сырып, жаңасын салу мақсатында қазірде жеке құрылыс компаниясын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Десе де, сол үйлердің құжатына қатысты мәселелер де жоқ емес көрінеді.

СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ   ///аударма: на счет квартир. Придется разработать, касательно квартир частный застройщик. ... Пәтер мәселесіне келсек, жеке құрылыс компаниясын бекіту керек. Ол жұмыстар қолға алынды. Десе де, моншада тұрып жатқан 5 пәтердің құжатына қатысты мәселелер туындап отыр. оны шешкен соң ғана жаңа тұрғын үй салу қолға алынады. ///

РКС: Тендерді жеңіп алғанмен, №36 автобус Зеренді тас жолы бойымен жүріп, ондағы тұрғындарды тасымалдауын өткен жылдың қазанынан тоқтатқан көрінеді. Бұл да сол ауданда тұратын мыңдаған тұрғынның наразылығын тудырып отыр.

СНХ: ПЁТР КУЗЬМЕНКО, САЯБАҚ СЕРІКТЕСТІГІ МЕН САЯЖАЙЛАР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Ест шум   сұрақ-жауап

РКС: Жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштердің басым бөлігі коммуналдық қызмет, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй және жер қатынастары мәселелерімен байланысты болды. Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты да өз өтініштерін жеткізгендер болды. Қала әкімі Амангелді Смайылов барлық мәселе бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, азаматтардың өтініштерінің толық қаралып, шешілуіне қатысты тапсырмалар берді. Айта кетейік, азаматтарды бірыңғай қабылдау жыл бойына жалғасатын болады.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...