ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

БІРЖАН САЛ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

18:21, 15 қаңтар 2020

Аудан әкімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен брифингі жалғасуда. Кезек облыстағы аграрлық-индустриялық аймақ саналатын Біржан сал ауданы басшысына жетті. Ермек Нұғымановтың есебінше, бүгінде аудандағы ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Өңірдегі өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 23,4 млрд. теңгені құрайды. Ал аудан тұрғындарының орташа айлық көрсеткіші 130 мың теңгеден асады. Брифингке қатысқан әріптесім Ердігүл Дәдібасқызы толық баяндасын.

Осыдан екі жыл бұрын бұрынғы Еңбекшілдер ауданына атаулы аймақ тумасы, қазақ өнерінің саңлағы Біржан сал есімі берілген болатын. Бүгінгі күні аудан Ақмола облысының аграрлық және индустриялық бағытта дамып отырған өңірі саналады. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласы ауданның басты әлеуетінің көрсеткіші саналады.

ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 21,7 млрд. теңгені немесе өткен жылдың кезеңіне 96,2 пайызды құрады. Көрсеткіштің азаюының себебі дәнді дақылдардың шығымдылығымен, өткен жылғы ауа-райы жағдайларымен байланысты. Есепті кезеңде 347 ауыл шаруашылығы субъектісі 107,1 пайыз жұмыс істеді.  

Өткен жылы аудан бойынша жаздық егіс 151 мың гектар алқапта жүргізілген. Аудан бойынша қамбаға барлығы 16 мың тонна астық құйылды. Жайылым жері бойынша облыста алдыңғы қатардағы аудан ата кәсіптің ырыздығын  ысырап етпей келеді. 

ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Елбасының ірі қара малдарының санын арттыруға бағытталған бағдарламасы бар, соған сәйкес былтырғы жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 242 млн теңге несие алынды. Былтырғы жылы ауданымызға 1900 бастан артық ірі қара мал әкелінді. Оның ішінде мың жарымы асыл тұқымды малдар. (Скл) Тұқымдық түрлендіру деген бар. Мал тұқымын асылдандыру. Сонымен 6 жарым бас сиыр мен құнажын қамтылған. Бүгінде елдегі малдың 60-70 пайызы «ақбастандырылды» деп айтуға болады.

Біржан сал ауданы негізгі капиталға 3,9 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйған. 14 мың халқы бар аудан тұрғындарының орташа айлық көрсеткіші 131 223 теңгеге жетіп отыр. Өткен жылы ауданда Біржан сал Қожағұлұлының 185 жылдық мерейтойына орай ауқымды мәдени шаралар ұйымдастырылды. Ермек Бекенұлының айтуынша, ауылдардағы интернет жылдамдығын жеделдету, жолдарды жөндеу және су құбырларын тарту сынды проблемалар  өңірдегі күрмеуі қиын мәселелер қатарына жатады. Ал білім саласын цифрландыру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласында аудан оң нәтижеге қол жеткізіп келеді.

 

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ВАСИЛИ ВЕРЕЖНИКОВ, ШОҚАН ТАУКИЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...