ШҰҒЫЛ! ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

БИЫЛ 13 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

15:07, 9 қаңтар 2020

 


Биыл Ақмола облысында бір мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Бұл жаңа инвестициялық жобалардың іске қосылуымен жүзеге асырылады. Олардың көбі экспортқа бағытталған. Естеріңізге салайық, өткен жылы аймақта  бюджеті 4 миллиард теңгені құрайтын 5 ірі жоба іске қосылған болатын. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Өңірде ауылшаруашылығы техникаларына қызмет көрсетуді дамытып, балық шаруашылығын ширату, темірбетон қондырғыларын шығару сияқты жұмыстар қолға алынбақ. Бұл 2020 жылы бірқатар инвестициялық жобалардың іске қосылуымен жүзеге асырылмақ. Жобалардың көбі ауылшаруашылығы бағытында.

ДИАНА ЕСІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ

2020 жылы  құны 65 миллиард теңгені құрайтын 13 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның нәтижесінде 943 жұмыс орны ашылады. Олардың ішіндегі ең ауқымдыларына тоқталсақ, бұл Көкшетауда ауылшаруашылығы техникаларына қызмет көрсету орталығы «Еуразия групптың» ашылуы. Инвестиция құны 2 жарым миллиард теңге. Екінші жоба темірбетон қондырғыларын шығару, ал, үшіншісі бекіре уылдырығының өндірісі. ///

Жаңа инвестициялық жобалардың іске қосылуы өнімдерді сату нарығын қалыптастырып, экспорттық географияны кеңейтуге жола ашады. Бүгінде Ақмола облысынан

Ресейге – 126,2 млн. АҚШ доллары

Өзбекстанға – 73,1 млн. АҚШ доллары

Тәджікстанға – 29, 1 млн. АҚШ доллары

Ауғанстанға- 24, 9 млн. АҚШ доллары

Иранға – 24, 1 млн. АҚШ доллары

Қытайға – 19, 8 млн. АҚШ доллары көлемінде өнім экспортталды.

ДАМИР ЖАНҰЗАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ  

Ақмола облысының сыртқы сауда айналымы 2019 жылы771,4 миллион долларды құрады, оның 346 миллион доллары экспорт. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 11 пайызға жоғары.

Кәсіпкерлікті қолдау бағытында биыл жалпы индустрияландыру Картасына құны 500 миллиард теңгені құрайтын 107 жоба  еніп отыр. Бүгінде 88 өндіріс ошағы іске қосылды. Индустрияландыру картасы толық жүзеге асырылса, 12 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіледі.

 Бибінұр Әмірханқызы, Мадина Смағұлова, Дархан Мүжібаев, Көкше ақпарат

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...