ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

БИЫЛ БИДАЙДЫҢ БАҒАСЫ ЖОҒАРЫ

17:09, 7 қараша 2019


Астрахан ауданының ауылшаруашылығы құрылымдары үшін де орақ науқаны олжалы болды. 365 мың гектар егістік алқабына дән сіңірген дихандар бүгінде астықты бабына келтіріп жатыр. Яғни, кептіріп, сапасына қарай сұрыптауда. Енді көңілге қонымды баға болса, ала жаздай алқапта төгілген тер ақталар еді, дейді ауылшаруашылығы қызметкерлері.

Алқап пен қырман арасында ары-бері сабылған жүк көліктері мен танап төсінде тәулік бойы астық жинаған кең өңеш камбайндар қазір көрінбейді, Яғни, орақ кезіндегі қарбалас жоқ. Тек, жер жыртып жүрген  бірен-саран ауыр техникаларды көресің. Бұл «Колутон-04» ауылшаруашылығы кәсіпорнының егістік алқабы. Биыл олар 18 мың 500 гектар жерге дән сіңіріп, мол астық жинап алыпты. Жалпы орақ науқанына 220 адам, өнімділігі жоғарғы 20-дан астам комбайн жұмылдырылыпты.   

ПЁТР ПОДОКСЁНОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ

Біз гектарынан 11,6 центнерден астық жинадық. Астықтың қамырлылығы жақсы. Тек ылғалдылығы сәл жоғары. Біздің алдағы мақсатымыз келесі жылға дайындық. Бүгіннің өзінде 4 мың гектар жерді жыртып үлгердік. 2 жарым мың гектар жер өткен жылы өңделген, яғни пар жыртылған болатын.

Бүгінгі күні жер баптаумен қатар ауыл тұрғындары мен серіктестік иелігіндегі қара малға сабан тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы аудан бойынша несібесін жерден терген 59 серіктестік пен 208 шаруа қожалығы бар.

ҚАЙРАТ ҚАЛАБАЕВ, АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Аудан бойынша орташа есеппен гектарына 11 центнерден астық жинадық. 365 мың гектар жерге дәнді-дақылдар себілді. Оның шінде арпа, бидай, сұлы мен бұршақ тұқымдастар, сондай-ақ майлы дәнді-дақылдар мен кортоп-көкөністер бар. Биылғы ауа-райының ерекшеліктерін ескерсек, нәтиже жаман емес деп айтар едім.

Ауалшаруашылығы саласына мемлекет тарыпан қолдау жоғары. Бұл ауылдағы ағайынның еңсесін көтеріп, жаңа белестерді бағындыруына жол ашпақ.

БЕРІК ҚАЙДАРҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
17:20, 7 қараша 2019
«ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...