ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

БИЫЛ «IRONMAN» САЙЫСЫ ИТАЛИЯДА ӨТТІ

16:52, 7 қазан 2019

Дүниежүзі бойынша триатлоннан  «Ironman»  сайысы  биыл Италия елінде өтті.  Арнайы лицензиясы бар кәсіби триатлеттер үшін триатлон тек қана әуесқой спорт емес. Кәсіби істі меңгерген ақмолалық спортшылар да Италияда кімнің төзімдірек әрі күштірек екенін анықтау үшін бақтарын сынап келді. Стартқа шыққан жерлестеріміздің арасында Суфар Серажиев, Қуаныш Қарауылов, Алмас және Әсемгүл Жапабаевтар болды.

Биыл 13 қазақстандық әуесқой спортшы «Іronman» халықаралық сайысына қатысып, бақтарын сынады. Соның ішінде, 4 ақмолалық спортшы итальяндық жолдарды бағындырып, сайыс талаптары бойынша олар 3900 метр қашықтықта теңізде жүзді. Сондай-ақ, 180 шаршы метрде велосипед айдап, 42 шаршы метр қашықтықта жүгірді. Отандастар арасында ең жақсы көрсеткіш көрсеткен қатысушы Зуфар Серажиев сайыспен қойылған талаптарды 11 сағат 23 минутта орындап шыққан.

ЗУФАР СЕРАЖИЕВ, IRONMAN САЙЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

Шындығында, бұл ең жоғарғы көрсеткіш емес. Мүмкін, басқалардың дайындығы толық болмаған шығар. Дегенмен, 11.23 деген уақыт менің жоспарым бойынша орындалды. Ал, қазақтандықтардың арасындағы жоғары көрсеткіш екені мені қуантады.

Қазақстандық қатысушылардың арасында үздік көрсеткіштерді ерлі-зайыпты Жапабаевтар да көрсеткен. Олар 15 сағаттың ішінде еш тоқтаусыз толқыған теңізде жүзіп, велосипед айдап, белгіленген қашықтықта бірге жүгірген.

АЛМАС ЖӘНЕ ӘСЕМГҮЛ ЖАПАБАЕВТАР, IRONMAN САЙЫСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР:

Жүлделі орындарға үміттенген жоқпыз. Бастысы, белгіленген уақытта жарақат алмай мәреге жету керек болды. Бұл сайыстың мақсаты – ол өз-өзіңді жеңу. Біреумен емес, өз-өзімізбен жарыстық. Өзіңнің барлық қорқынышыңды, ауру-сырқауыңды жеңіп, мәреге жетсең - сол жеңіс.

 «Іronman» триатлеттер сайысына қатысып, үздік жетістіктерге жеткен қатысушылар салауатты өмір салтын ұстана отыра, Италия жерінде ел туын желбіреткені, спорттың дамуына үлес қосқаны үшін облыстық триатлон федерациясының президенті Сәндібек Қасеновтің атынан марапаттауларға ие болды. Ендігі мақсат, келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Іronman» халықаралық сайысына қатысу,-дейді жеңістерімен жігерлене түскен триатлетшілер.  

Автооры: Айгүл Бекетқызы, Операторы: Бауыржан Смағұл

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...