ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

БИЫЛ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨЗ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАЙДЫ

20:20, 14 қыркүйек 2018

РКС: Облыстың қоғамдық кеңесінде 271 адам бар. Олар әр түрлі мемлекеттік, өңірдің дамуына арналған бағдарламаларды талқылауға белсенді түрде қатысады. Өткен 3 жылдың ішінде 700-ден астам отырыс өткізіп, 1800 мемлекеттік кеңес жобаларын сараптамадан өткізген.

СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ/// Айтулы қоғамдық кеңес өте қажет. Оны сіздер іс жүзінде дәлелдей білдіңіздер. Бүгінгі таңда қоғамдық кеңес жаһанданудың іргелі факторы болуы үшін, кеңес жұмысын әрі қарай дамыту керек.

РКС: Форумда аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері өз өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан шараларға  тоқталды.

СНХ: АНАТОЛИЙ МАЛЬКОВ, АСТРАХАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ///  Біз  еліміздегі айтулы мерекелерді тойлауға арналған іс-шараралдың тәртібін алдын ала дайындап қоямыз. Қазіргі таңда көп көңіл бөлетін мәселе – оқушылардың патриоттық сезімін нығайту. Сондықтан басты жұмысымыз - балаларымыз қалай өмір сүреді деген сауалға бағытталған. Ол үшін аға ұрпақ үлгі, өнеге болу керек. Сондай-ақ біз ауданның барлық мәслихат, әкімшілік, білім беру мекемелері бас қосып ардагерлерге, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын береміз.

РКС:  Еліміз бойынша 229 қоғамдық кеңес жұмыс істейді.  Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекет басқармасының басшысы Гүлбара Сұлтанова қоғамдық кеңестің алдағы жоспарларымен бөлісті.

СНХ: ГҮЛБАРА СҰЛТАНОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ  АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  / қазір біз жаңа заң жобасын ойлап таптық. Ол қоғамдық кеңес жұмысын дамытуға арналған. Қазір міне, ведомоствоаралық комиссиядан өттік. Биыл қоғамдық кеңес өз жұмысын аяқтайды. Қоғамдық қеңес Елбасының 100 нақты қадам жобасын жүзеге асыруда айтарлықтай үлес қосты.   

РКС:  Форум соңында  қоғамдық кеңестердің ең белсенді мүшелері мен депутаттар, жалпы саны 23 адам  облыстық қоғамдық кеңес  төрағасы Дулат Нұрмолдиннің алғыс хатымен  марапатталды. 

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
18:43, 25 қыркүйек 2018
ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар