ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

БИЫЛ ОБЛЫС БОЙЫНША 218 МЕКТЕПКЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

15:43, 14 қаңтар 2020

Биылғы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін облыстың 218 мектебіне  бейнебақылау камералары орнатылады. Өткен жылы 53 мектепке 849 камера қойылған. Оның көмегімен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру ошақтарында орын алған заң бұзушылықтарды анықтауға болады.

Көкшетау қаласындағы №6 мектепке бейнебақылау камералары осыдан 7  жыл  бұрын  орнатылды.  Қазір ескірген. Құрылғылар спорт  залы  мен  дәліздерге, мұғалімдер  кабинетіне  қойылған.  

АЙШОЛПАН  САМБАЕВА, №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ  ДИРЕКТОРЫ

Біздің  мектебімізде  жалпы саны 19 камера орнатылған. Оның 12-сі ішке, қалғаны сыртқа қойылды.2020 жылы камералар жаңартылады деп күтілуде.Камераның көмегімен жоғалған заттар жылдам табылып, құқық бұзушылық фактілерінің алдын аламыз.  

Бүгінде облыстағы 556  мектептің  60 пайызына 5 мыңға тарта бейнебақылау камералары орнатылған.  Сондай-ақ 136 мемлекеттік балабақшаның 120-сына және 100  шақты жекеменшік балабақшаға   осындай  құрылғылар қойылды. Осы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін өңірдің барлық мектептерінде, әр сыныпта  камера болады. Оған  353 миллион теңге жұмсалмақ.

ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бейнебақылау жүйесі тиісті мониторға шығарылып, нақты уақыты көрсетіліп тұрады. Жазба 30 күнге дейін сақталады. Алдағы міндет – мектептердегі барлық камераларды полиция басқармасының  жедел басқару орталығына қосу. Бұл білім беру мекемелерінде орын алған кез-келген құқық бұзушылықтың алдын  жылдам алуға көмектеседі.

Қазіргі уақытта мектептердегі бейнебақылау жүйелерін күзетші мен оқу орнының басшылығы қадағалайды. Ал өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждер  камералармен  толық  қамтылған.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...