ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

БЛОК-БЕКЕТТЕР ОРНАТЫЛАДЫ

20:35, 27 наурыз 2020

 

ДК: Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты өңірде сақтық шаралары күшейтілуде. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы бірқатар ірі нысандардың жұмыс барысымен танысты. Қалаға кіретін барлық ірі тас жолдарға блок-бекеттер орнатылады. Осыған орай оқу-жаттығу жиыны өткізіліп, коронавируспен күреске дайындық барысы пысықталды.

РКС: Ақмола облысы бойынша 10 стационарлық және 2 жылжымалы блок-бекет орнатылады. Олардың барлығы республикалық және облыстық  маңызы бар жолдарға қойылады деп жоспарланған.  Бұл бекеттерде полиция қызметкерлері мен медицина мамандары әр көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексереді. Аталмыш блок-бекетте қазіргі таңда 12 маман мен  4 арнайы техника жұмылдырылған.

Ест.шум медицина қызметкерлері

РКС: Аймақ басшысы Ермек Боранбайұлы блок-бекеттердегі медициналық құрылғылардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді міндеттеді. Сондай-ақ, қосымша қажетті медициналық жабдықтардың уақытылы жеткізілетіндігін айтты.

Ест.шум облыс әкімі

РКС: Сонымен қатар, өңір басшысы Ермек Маржықпаев су басу қаупі басым нысандарды да аралады. Қала іргесіндегі Красный Яр селосының кіре берісіндегі көпірдің бүгінгі жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, қала ортасындағы Назарбаев даңғылының бойында салынып жатқан  көпірді де бақылап қайтты. Оны 15-ші қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.  Шаһарда салынып жатқан шіркеу құрылысы жоспарға сай. Қазіргі уақытта  ғимарат ішінің әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысан биылғы жылдың екінші жартысында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сапар соңында өңір басшысы Ермек Боранбайұлы «Болашақ сарайының» құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылармен де кездесті. Мердігерлер ғимаратты қазан айына дейін аяқтауды межелеп отыр.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ,  АБАЙ ТӨЛЕГЕН,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

           

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...