ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

БЛОК-БЕКЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

19:44, 24 маусым 2020

ДК: 24 маусымнан бастап Көкшетау қаласы карантинге қайта жабылды. Оған себеп, облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы. Яғни, өңірде кешкі сағат сегізден  бастап 5 блок-бекет өз жұмысына кірісті. Ол жердегі тәртіп сақшылары мен медицина мамандары тәулік бойы карантин шараларын қатаң қадағалайды. Әріптесім Абзал Азаматұлы тарқатады.

Ест.шум машиналар

РКС: Қаз-қатар тізілген көліктер. Бұл Көкшетау Нұр-Сұлтан бағытындағы блок-бекеттегі қазіргі көрініс. Қала жабылғанша елордалық жолаушылар үйлеріне жетіп алуға қамданған тәрізді. Ал, кешкі 8-ден бастап тек арнайы рұқсаттамасы бар көліктер ғана өте алады.  Сондай-ақ,  транзиттік жүк көліктеріне де тосқауыл жоқ.

СНХ: ӘСКЕРБЕК ҚАСЫМОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ//////аударма//Дәл қазіргі уақытта бұл пост санитарлық бекет болып есептеледі. Яғни, көліктердің қозғалысына еш шектеу қойылып жатқан жоқ. Бірақ кешкі сағат 8-ден бастап облыстың санитарлық бас дәрігерінің қаулысына сәйкес барлық көлік қозғалысына шектеу қойылады. Яғни, біз «Сергек» базасына енгізілген арнайы көліктерді ғана өткіземіз. Ал, рұқсаттамасыз тәртіп бұзып кіріп шығам деушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

 

РКС: Блок-бекеттерде жұмыс істейтін барлық қызметкерге де арнайы талап қойылған. Яғни, олар әр екі сағат сайын бекет аумағын залалсыздарып отырулары шарт. Олар санитарлық нормаға сәйкес жұмыс істейді. Барлығы арнайы құрылғымен және  киімдермен жарақтандырылған.

СНХ: НАТАЛЬЯ ХАРЧЕНКО, МЕДБИКЕ///аударма///Бізге күнделікті осындай формалар мен маска, қолғаптар әкеп отырады. Формаларды жиі ауыстырып тұрамыз. Арнайы рұқсат қағазы бар жолаушыларды да тексереміз. Дене қызуларын өлшейміз. Дене қызуы көтеріліп тұрса бірден жедел жәрдем шақырып ауруханаға жібереміз.

 

РКС: Қауіпті індет өңірде тез таралуда. Кешегі бір тәуліктің өзінде 4 адам дерттің құрбаны болды. Шектеу шаралары күшейтілуде. Қала ішіндегі қозғалыс та кешкі оннан  таңғы сағат 6-ға дейін тоқтатылады. Ал, 26 маусымнан бастап Степногорск қаласына да көлік қозғалысының кіріп-шығуына тыйым салынады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...