ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

18:21, 17 мамыр 2018

РКС: Шағалалы жоғары агротехникалық колледжінің студенттеріне арналған шеберлік сағаты облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Орталықтың мақсаты – оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізуге жағдай жасап, жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту.

СНХ: АЙЖАН ТӘЖМИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ/// Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы көпір іспеттес. Біз білікті кадрлар даярлауға көмектесеміз. Көбіне кәсіпорын басшылары өздері хабарласып жатады. Бүгінгі Жоғары агротехникалық колледжінің студенттеріне «Астория» мейрамханасы өткізіп жатқан шеберлік сағатына біз де көмек көрсеттік. Бұл жерде студенттер теориялық білімдерін практика арқылы  нығайтады. Айтайын дегенім, Жоғары агротехникалық колледжі мен «Астория» мейрамханасы арасында жасалған меморандум белгілі бір нәтижелерін көрсетуде. Бүгінгі шеберлік сағаты меморандум шеңберінде өткізіліп отырған екінші іс-шара. Осындай тәжірибелер арқылы студенттердің мамандығына деген қызығушылығы арта түседі.

РКС: Колледж студенттері шараға белсене қатысып, аспаздан қажетті кеңестер алды. Студенттердің бірі аспаз әзірлеген тағамнан дәм татса, енді бірі аспаздың әр ісін бақылап тұрды.

СНХ: АЛИНА ТАШЕТОВА, ШАҒАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ///Қазіргі уақытта мен «Астория» мейрамханасында іс-тәжірибеден өтіп жатырмын. Іс-тәжірибеден өту барысында мен ұлттық және еуропа асханасының ыстық тағамдарын, суық тағамдарын, салаттарын даярлауды үйрендім. Тәжірибе кезінде бас аспаз Альмира Жанайдарқызы менің тәлімгерім болды. Барша ұжымға алғыс айтқым келеді. Үлкен рақмет.

РКС: Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы тікелей байланысты орнату мақсатында өткен шеберлік сағаты студенттердің жұмысқа ерте араласып, бейімделуіне үлкен септігін тигізді. Мұндай бастамалар жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтып, өз ісінің болашақ шеберлерін таңдаған мамандығы бойынша еңбек етуге баулиды.

АЙЖАН АҚТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Б. САҒЫНТАЕВ: «...АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ»
20:29, 25 маусым 2018
Б. САҒЫНТАЕВ: «...АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
20:22, 20 маусым 2018
ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
Толығырақ...