ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ

19:59, 29 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Бұдан былай «Болашақ» стипендиясы шетелдік оқу орындарына өз күшімен түскен азаматтарға ғана беріледі. Бүгін шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

РКС: Онда іріктеу талаптарына қатысты өзгерістер айтылды. Енді жеңілдік тек ауыл азаматтары үшін ғана қалып отыр. Олар бұрынғыша 6 ай тілдік курстан өтеді, бірақ, IELTS-тан 6 балл жинауы тиіс. Ал басқа санаттағы барлық квота алынып тасталды. Яғни, мемлекет есебінен елімізде және шетелде тілдік тағлымдамадан өтпейді. Өз бетінше оқуға түсіп келуі тиіс. Әрі үміткерлердің шет тілін білу деңгейі  IELTS-тан 6,5 балдан  кем болмауы керек. Бұдан бөлек, конкурстық іріктеу кезеңдері алтыдан үшке яғни, екі есе қысқарды. Сондай-ақ,  халықаралық бағдарламалар орталығы енді шетелде оқытылатын мамандықтар тізімін еңбек нарығындағы сұранысқа қарай жаңартып тұрады. Стипендия елдегі кәсіпорындар мен ұйымдарына қажет кадрларға ғана берілуі тиіс. Тәуелсіз сарапшылар комиссиясына да талап қатайтылды. Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев стипендианттардың оқу және еңбекпен өтеу процесіне бақылауды күшейтуді тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...