ШҰҒЫЛ! 4 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ Толығырақ

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР. РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАҒИДАТЫ

15:41, 21 сәуір 2017

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру бағытында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі. Өйткені, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де кез-келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз, әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы,-дейді

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халықтың санасына жалпыұлттық  қасиетті орындар ұғымын сіңіру бағытында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі. Өйткені, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де кез-келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз, әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы,-дейді. Тәуелсіздік алғалы Ақмола облысында мәдени-тарихи нысандарды түгендеу мен оларды қалпына келтіру бағытында қыруар жұмыстар атқарылды. Бүгінде өңір бойынша шамамен 1800-ден аса ескерткіш пен қасиетті орындар бар.

Ақмола облысының аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер 2008 жылы жарыққа шыққан энциклопедияға топтастырылған. Облыстық тарихи мұраны қорғау және пайдалану орталығының жетекшісі Талғат Ыбыраевтың айтуынша, бұл жұмысты кезінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғары бағалап, басқа өңірлерге де бұл бұл бағыттағы жұмысты қолға алу қажеттігін айтқан болатын. Бүгінде орталық мамандары басқа да тың жобаларды жүзеге асыруда.

Орталық мамандары ғылыми жұмыстармен ғана айналысып қоймай,  археологиялық экспедицияларға қатысады. Осының нәтижесінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен ұлттық музейге 1044 жәдігер тапсырылды.  

Елбасының мақаласы тарихшылар мен археологтарды тың бастамаларға жігерлендіріп отыр. Айта кетейік, бүгінде Ақмола облысы аумағының тек 45 пайызы ғана зерттелген. Сондықтан алда әлі де зерттеп-зерделеуді қажет ететін тың дүниелер көптеп табылады.

Бибінұр Әмірханқызы, Индира Тегжанова, Дархан Сагын 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ!
12:49, 24 қазан 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ  ТИІМДІЛІГІ
19:17, 17 қазан 2017
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
21:08, 20 қазан 2017
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...