ШҰҒЫЛ! ШАҺАР КӨРКІ ШЫРАЙЛАНА ТҮСПЕК Толығырақ

БОЗ КІЛЕМДЕ ҚЫЗДАР ДА БЕЛДЕСТІ

15:46, 12 ақпан 2018

Биыл 6-шы мәрте жалауын көтерген турнирге 300-ден астам ұл мен қыз қатысты. 6 және 14 жас аралығындағы балауса балуандар бозкілем үстінде шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинақтады. Жалтыр станциясындағы №4-ші орта мектептің спорт залына төселген қос кілемде өнер көрсеткен спортшылардың ең мықтылары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарысты ұйымдастырған Астрахан ауданының ауғандық жауынгерлері көрші бірнеше мемлекетпен еліміздің көптеген аймағынан жиналған балуандарды жарыстан соң, Мәдениет үйіне шақырып, «Ерлікке тағзым» атты патриоттық кеш өткізді.

Жалтыр турниріне бапкерлер болашағынан үміт күттіретін шәкірттерін көптеп әкеліпті. Олардың арасында Ақмола облысының балғын балуандары да бар.

Әр салмақ дәрежесінде өз мықтылары анықталды. Олар жеңіске шыңдалған шеберліктері арқылы қол жеткізді.

Финалдық белдесулерде қырмызы қыздар да әдемі әдіс-айла қолдана білді. Әсіресе, оңтүстік өңірден келген арулар жанкүйерлер көңілінен шықты.

Ауған соғысының ардагерлері ұйымдастырып, Астрахан ауданының бірнеше серіктестіктері қаржылай қолдау көрсеткен республикалық ашық турнир мәресіне жетті. Жақын шет елдерден келген меймандар Жалтыр турнирінен зор әсер алып қайтты. Ал, жергілікті спортшылар оны патриоттық тәрбиемен ұштастырып, ұлағат алды. 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ
18:11, 16 ақпан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ
Толығырақ...
ММА: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШАВКАТ РАХМОНОВПЕН КЕЗДЕСУ
18:11, 16 ақпан 2018
ММА: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШАВКАТ РАХМОНОВПЕН КЕЗДЕСУ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ: ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
18:10, 16 ақпан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ: ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАБЫС КІЛТІ – БІЛІМДЕ!
19:48, 13 ақпан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАБЫС КІЛТІ – БІЛІМДЕ!
Толығырақ...
ЗАХИДА - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
10:19, 13 ақпан 2018
ЗАХИДА - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...