ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

БҮГІН - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

14:28, 21 мамыр 2020

 

ДК: Бүгін  - мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Бұл кәсіби  мереке елімізде 2013 жылдан бері аталып келеді. Халыққа әуезді  әннен шашу шашып, түрлі қойылымдар арқылы ой тастап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген сахна саңлақтарының еңбегі орасан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәдениет саласының мамандарына көңіл бөлу керектігін атап өтті. Яғни, биылдан бастап осы сала қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілді. Бұл да өнерлі жандарға жасалған айырықша қолдау екені даусыз.

РКС: Кербез Көкше өлкесі әуелден ән мен жырдың тал бесігі атанған. Кешегі сал-серілерден қалған сүрлеуді бүгінгі өнер майталмандары жалғап келеді. Қазіргі таңда Ақмола облысында 700-ге жуық мәдениет ошағы жұмыс істейді. Онда 3 мыңнан астам қызметкер еңбек етіп жатыр. Олар өңірдегі барлық ауқымды шараларда белсене атсалысып, өз өнерлерін паш етуде. Ал, осындай айтулы күні өңірдегі бірқатар мекеме мәртебелі мамандық иелерінің мерекелерімен құттықтап, алғыстарын жеткізді.

 

СНХ: ДІНМҰХАМЕД ШАЛАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ АҚПАРАТ САЛАСЫ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ//қаз/// Әлеуметтік әріптестікті дамыту мен нығайту бойынша ауқымды және тиімді жұмыс атқарып, кәсіподақ қозғалысын насихаттауда белсенділік көрсетіп, адам өмірінің деңгейін жақсартуға ат салысып жүрген біздің басты әлеуметтік әріптестеріміз - облыстық мәдениет басқармасына, қалалық және аудандық мәдениет бөлімдеріне, мәдениет мекемелірінің басшылары мен қызмтекерлеріне, кәсіподақ төрағалары мен мүшелеріне алғысымды білдіремін.Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шағармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!

 

РКС: Сонымен қатар, елдегі төтенше жағдай кезінде де мәдениет қызметкерлері өз  жұмыстарын тоқтатпады. Яғни, өнерпаздар әлеуметтік желілер арқылы онлайн кештер ұйымдастырды, көптің кошеметіне бөленді Республикалық деңгейде жүзеге асқан бұл жобаға жергілікті өнер иелері де қолдау танытты.

ЕСТ.ШУМ: онлайн концерттен үзінді

РКС: Бұл Зеренді аудандық мәдениет үйінің әншісі - Гүлнұр Аймахан.  Өнер иесі мамыр айының 14 күні «Өмірім-өнерім» атты  онлайн кешін өткізген.

СНХ: ГҮЛНҰР АЙМАХАН, ӘНШІ//қаз/// Жалпы онлайн концерт көңілімнен шықты.  Эстрадалық әндермен қатар, халық әндерін, Абайдың туындыларын да орындадым. Концерт барсында халықтың жазған пікірлерін оқып қуанып қалдым.++Қиындығы да бар. Бұл жерде өзін оператор, өзін әнші, өзін режиссерсің ғой. Бірақ, бастамасы жаман емес.

 

РКС: Иә, бұл да бір еңбек. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін  салаға бұл күні жастардың да құлшынысы жоғары. Сондай-ақ, өңірдегі мәдениет ошақтарына күрделі  жөндеулер жасалып, өнерпаздарға бар жағдай қарастырылған. Яғни, өткен жылы облыс   бойынша 13 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілген. Оған қазынадан 192 млн. теңге бөлінді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА
17:56, 28 мамыр 2020
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА
Толығырақ...
COVID 19: ӨҢІРДЕ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ АРТҚАН
17:47, 28 мамыр 2020
COVID 19: ӨҢІРДЕ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...