ШҰҒЫЛ! ШЫТЫНАҒАН ШЫҢЫЛТЫР АЯЗ 45°-ҚА ДЕЙІН ЖЕТЕДІ Толығырақ

Бүгін – студент, ертең – маман!

22:48, 19 мамыр 2017

«Мемлекеттік қызметте жұмыс істегің келе ме?»

«Мемлекеттік қызметте жұмыс істегің келе ме?». Осындай атаумен ақмола облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент өкілдері абай мырзахметов атындағы  көкшетау университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Ертеңгі ел болашағы жастарға орасан зор үміт артылады. Сондықтан олар саналы тәрбие, сапалы білім алуға ұмтылуы тиіс. Студенттермен кездесу барысында ақмола облыстық мемлекеттік қызмет істері жәнен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы берген беспалинов мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі мен ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.  Халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға ең алдымен мемлекеттік қызметшілер үлес қосады. Себебі олар мемлекеттік реформалардың бастаушысы бола отырып, оның тікелей жүзеге асуына ат салысады. Сондықтан болашақ маманның жоғары білімді, кәсіби біліктілікті, мемлекеттік саясатты жетік білгені аса маңызды.   Жиын барысында жоғары оқу орнының студенттері мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен танысты. Сөйтіп болашақ мамандар келешектегі кәсібін ерте бастан таңдауға тағы бір талпыныс жасады. Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері қолға алған арнайы бағдарламаға сәйкес облыстың барлық оқу орындарында осындай кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.


Е.Серікбай, Марат Ахметжанов

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАРҚАЙЫҢДЫҚТАР МАЛ БАСЫН ЕСЕЛЕУГЕ НИЕТТІ
19:24, 23 қаңтар 2018
ЖАРҚАЙЫҢДЫҚТАР МАЛ БАСЫН ЕСЕЛЕУГЕ НИЕТТІ
Толығырақ...
ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕНДІ СМС ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
19:23, 23 қаңтар 2018
ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕНДІ СМС ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар