ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

«БҮГІНГІ ЖАСТАР – ЕРТЕҢГІ ЕЛДІҢ ТАРИХЫ» ФОРУМЫ

15:27, 12 ақпан 2019

РКС: Елбасының бастамасымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланып отыр. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларында елдің болашағы бүгінгі жастардың қолында екенін ұдайы айтып отырады. Қазіргі таңда жаһандық заманға бейімделген ұрпақ қана тәрбиелеп қоймай, өз халқының рухани құндылықтарын дәріптейтін тұлғаны қалыптастыру аса маңызды. Диалогтық алаңның бірі дәл осы тақырыпқа арналды.

СНХ: АЯН ХАФИЗ, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ////// Бүгінгі форум аса өзекті. Бұл спикерлермен кездесіп, пікір алмасуға, жаңа бағдарламалар мен 2019 жылға арналған жоспарлармен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін алаң. Бұл жерден жастар үлкен әсер алып, жаңа белестерді бағындыруға ынталанып шығады.  

СНХ: АҚБОТА АМАНЖОЛОВА; ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ //// Бүгінгі форумға қатысып отырғаным мен үшін үлкен жетістік.  Отбасылық құндылықтар туралы жастар көп білмейді. Соған байланысты бізде қазір лекция өтіп жатыр. Отбасылық құндылық не, оған не жатады біз болашақ ана, әке ретнде не істеуіміз керек. Үлкен мақсаттарға жету үшін не істеу керек мәселелер қозғалып жатыр.  

РКС: Айта кету керек, жеті алаңның екеуінде кездесу таза қазақ тілінде, біреуінде ағылшын тілінде өтті. Форумда отбасы құндылықтары, жастар кәсіпкерлігін дамыту, әлеуметтік желілерді пайдалану, білім сапасын арттырудағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі сынды тақырыптар қозғалды. 

СНХ: ЕРКЕГҮЛ АЛПЫСБАЕВА, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ //// Бүгінгі форумға қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Себебі, бұл мен үшін үлкен мүмкіндік. Болашақта да мен осындай форумдарға қатысып, өзімнің қабілетімді одан әрі шыңдағым келеді. Үндістаннан келген студенттер бізге өздерінің осындағы оқулары жайында айтып берді. Өзім болашақта өмірімді медицина саласымен байланыстырғым келеді, сондықтан да олардың тәжірибесі жайында мағлұмат алу мен үшін өте маңызды. 

РКС: Елбасының өзі «үштілділік біз үшін қалыпты жағдай болуы тиіс» деп айтқан болатын. Осы орайда, диалогтық алаңдардың бірінде Үндістаннан келген студенттер мен форумға қатысушылар ағылшын тлінде сұхбаттасып, пікір алмасты. Жалпы бұл форум белсенді жастарға белгілі бір салада жетістікке жеткен азаматтармен кездесіп, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алуға мүмкіндік берген алаңға айналды. 

ӘЙГЕРІМ МЕРЕКЕҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
18:17, 23 шілде 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
19:44, 17 шілде 2019
ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
200-ДЕН АСТАМ  ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
16:17, 22 шілде 2019
200-ДЕН АСТАМ ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
19:07, 18 шілде 2019
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСК...
Толығырақ...