ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

БҮГІНГІ ЖЕТІСТІК – БАРШАҒА ҮЛГІ!

16:21, 6 қараша 2019


 

Темір тордан босап шыққаннан кейін тігін шеберханасын ашқан ерейментаулық кәсіпкер Раиль Хуснутдинов жайлы бұған дейін де айтқан болатынбыз. Естеріңізде болса, ол - «Атамекен» кәсіпкерлер палатасындағы «Бастау бизнес», «Бастау кеңесші» жобаларында белсенді атсалысты. Осылайша, мемлекеттің көмегімен бизнесін дамытып келген кәсіпкер республикалық «Қазақстанның ең үздік әлеуметтік жобасына» қатысып,  бағын сынаған.  

Раиль Хуснутдинов 26 жасында тағдыр тауқыметімен қателікке ұрынып, 7 жылдан астам уақытын темір тордың ар жағында өткізген, кейін киім тігудің қыр-сырын меңгеріп, тігін цехын ашқан. Өз бизнесін дамыту үшін түрлі жобалардың жеңімпазы атанып келген кәсіпкер жуырда республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Қазақстанның ең үздік әлеуметтік жобасына» қатысып қайтты.

РАИЛЬ ХАСМУТДИНОВ, КӘСІПКЕР:

Алдағы уақытта тоқыма тоқитын жабдықтар алсам ба деймін. Пробация қызметімен меморандумға отырдық. Өзім сынды жаза басып, темір тордың ар жағынан шыққандарды жұмысқа қабылдап отырмын.Бұл жұмысымды алдағы кезеңдерде де жалғастырамын.    

Жалпы, соңғы 9 айдың ішінде 3223 адам пробация қызметінен өткен. Соның, 3 мыңға жуығына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген. Жыл басынан жүргізілген есепке сәйкес пробация қызметінің аумақтық есебінде жазасын өтеген 500 адам жұмыссыз болған. Бүгінде, соның 353-і жұмыспен қамтылып, 19-ы білім алған. Тағы, 154 адамға бір мезгілді қаржылай жәрдемақы берілген. Ал, 4 адам өз ісін ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.  

АЙГҮЛ БУКУНОВА,ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

ҚР Үкіметімен бекітілген 2017-19 жылдарға арналған азаматтарды оңалтудың кешенді стратегиясына сйәкес көптеген жұмыстар атқарылды. Осының бірі Хуснутдинов Раиль. + Хуснутдиновтың айтуынша ол әлі де жұмысқа мұқтаж сотталғандарды қабылдап, өзінің үлгісімен жаңа өмірді қайта бастауға болатынын көрсетті. 

Көбінесе, темір тордан босап шыққан жандар жұмыс таппай қиналатыны рас. Соған қарамастан, өз ісін ашып, әлеуметтік тұрғыда белсенді болу, түрлі жобаларға қатысу аса қажет,- деген ойымен бөліскісі келген Раиль өзі сынды темір тордан босап шыққандардың басын қосты. Көкшетау қаласында өткен үлкен жиында ол өзіне  кезіккен қиындықтарды қалай жеңгенін, жетістіктерге қалайша жеткенін айтып, сырын ашты.

РАИЛЬ ХАСМУТДИНОВ, КӘСІПКЕР:

Халық бізді түрмеден шыққан, сенімсіз адамдар деп есептегендіктен жұмысқа орналасуымыз аса қиын. Сондықтан, өз ісіңді ашу арқылы жетістікке жетіп, оларға барлығы керісінше екенін дәлелдей аласың. Сондай жетістіктердің арқасында бүгінде мен республикалық деңгейде өтіп жатқан байқауға өз жобамды ұсынудамын.     

ТАСБОЛАТ ҚАНАЯТҰЛЫ:

Айтқан, істелініп жұмысы жақсы. Рахмет мынау пробацияға. Осындай жағдай жасап жатыр. Бәрі көрсін, білсін деп. Ана жақта болғаннан кейін жігіттер енді ойланған шығар деймін. Раильдің істеп жатқан еңбегі жемісті болсын деймін.

 «Қазақстанның ең үздік әлеуметтік жобасы» республикалық байқауының жеңімпаздары электронды түрде дауыс беру арқылы анықталған. Байқау қорытындысы бойынша Раиль Хуснутдиновқа алғыс хат табысталып, ақшалай сертификат та берілген. Бұл жетістігіммен тоқтап қалу ойымда жоқ. Алар асуым әлі алда,-дейді сенімі мол кәсіпкер.  

Авторы: Айгүл Бекетқызы, Операторы: Дархан Сағын, Сабыр Құлатай

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...