ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

«БУРАБАЙ АҢЫЗДАРЫ» АТТЫ КӨРКЕМСУРЕТ КӨРМЕСІ

15:20, 17 қаңтар 2020

Облыс орталығындағы әдебиет және өнер музейінде халықаралық  суретшілердің «Бурабай аңыздары» атты көркемсурет көрмесі өтті. Қойнауы  аңызға  толы көрікті Бурабай баурайында өткен «Qazaqstan. A la Prima» халықаралық суретшілер форумы                        аясында шетел суретшілері салған өнер туындылары көрмеге жиналған көпшілік назарына ұсынылды.

Бұл көрмеге әлемнің 10 мемлекетінің ең мықты қылқалам шеберлерінің еңбектері қойылған. Барлығы көрсе көздің жауын алатын Бурабай өлкесін бейнелеген. Форум   аясында салынған құнды туындылар бұл күні Әдебиет және өнер музейінің алтын қорында сақталған.

НҰРБОЛАТ ӘЛМЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Өткен жылы Бурабайда өткен суретшілер форумында салынған  суреттердің барлығын облыс басшысы біздің музейге сыйлаған. Міне, сол суреттерден қала тұрғындарына арнап осындай көрме құрдық. Бұл жерде әлемнің 10 мықты суретшісінің 40-қа тарта өнер  туындылары қойылған. Барлығын шақырамыз. Келіңіздер, көріңіздер.

Көрмені тамашалауға келген жандардың дені – жергілікті суретшілер. Олар әлем мықтыларының туындыларына тамсанып, таңдай қақты. Осы суреттерге қарап, әлем суретшілерінің біздің өлкеден есте қаларлық әсер мен шығармашылық шабыт алғанын аңғарамыз, -дейді   облыстық суретшілер одағының төрағасы Юрий Попов. 

ЮРИЙ ПОПОВ, ОБЛЫСТЫҚ СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл суретшілердің барлығы мықты. Өз бағытын қалыптастырған қылқалам шеберлері. Суреттердің салынуы бөлек болғанымен, композициясы да әр түрлі. Бірақ, бір қуантарлығы әр суретші біздің  өлкеден керемет шабыт алып, осындай тамаша өнер туындысын салып шықты. Олар қарапайым қылқаламның күшімен-ақ осы жердің байлығын, азатттығын бейнелеген. Суреттердің өзі сөйлеп тұрғанын аңғардым. Сондықтан, осы суретерді барлығы  көруі тиіс.

Әдебиет және өнер музейі өңірдегі танымал суретшілермен қатар, танымал қолөнер шеберлерінің, мүсіншілер және фотографтардың көрмелерін  өткізіп, қала тұрғындарының рухани өміріне тың серпін берері сөзсіз.  Айта кету керек, аталмыш көрме 1 ай көлемінде  қала қонақтарының назарларына ұсынылатын болады.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...