ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ФРОНТ-КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

16:01, 4 қазан 2019

Бурабай аудандық сотында фронт-офис ашылды. Әділдік пен заңгердің кеңесін іздеген тұрғындар үшін ақпараттық орталық, құжаттарды тапсыру мен қабылдау үшін сот кеңсесі, медиация кабинеттері қызмет көрсетеді. Аталмыш кеңсе жұмысы сот жүйесіндегі жұмыстардың ашықтығын, сот жұмысының жаңа форматының халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Бұл іс-шара «Үлгілі сот» жобасын іске асыру аясында жүзеге асып отыр. Жұмысын жаңа бастаған нысанның ашылу рәсіміне Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров қатысып, қызмет көрсету орталығын аралап көрді.

ДОСЖАН ӘМІРОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бүгінгі күні сот саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Халықтың қолжетімділігі үшін көп іс-шаралар атқарып жатырмыз.  Цифровизация келіп жатыр сот саласына. Жалпы, Ақмола облысында 25 аудандық және оған теңестірілген соттар болатын болса, бұл офисімізді ашқанда 7 аудандық соттарда жаңа үлгімен жұмыс жасаймыз. Келушілер осы жердегі техниканы пайдалана отырып, өздерінің істерінің қалай қаралып жатқандығын, қай деңгейде екендігінен ақпарат алып отырады.

Күту залында келушілерге жағдай қарастырылған. Мұнда мәселенің дер кезінде, әділ шешілуіне барлық жағдай жасалған. Яғни, орталықта көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі электронды жүйеге көшірілген.

УӘЛИХАН ҒАБДУЛЛИН, БУРАБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Халыққа жақын болу үшін осындай фронт-офистар ашылып жатыр. Құттықтаймыз. Ауданымызда уже екінші фронт-офис ашылып жатыр. Іске сәт болсын. Құттықтаймын сіздерді.

Халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің сапасын арттыру – заман талабы. Ауданда жаңадан ашылған фронт-кеңсе халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түспек.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...