ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

БУРАБАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

18:51, 14 тамыз 2019

ДК: Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бурабай ауданында активке жаңа басшыны таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Әсет Азаматұлы Мұздыбаев курортты аудан әкімі болып тағайындалды.

РКС: Жаңадан тағайындалған әкім мамандығы бойынша инженер-механик әрі қаржыгер. Президент Іс басқармасының мемлекеттік сатып алу және сату саласында, инженерлік-техникалық бөлімнің бастығы, Парламенттің өндірістік инфрақұрылым басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Аршалы ауданы әкімінің орынбасары болды. Ермек Маржықпаев Әсет Мұздыбаевқа жаңа қызметінде жемісті еңбек тілеп, назар аударуды қажет ететін басым міндеттерді белгіледі.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Біріншіден жылыту маусымына дайындық. Неліктен? Өйткені, бүгінде бізде көмір, мазут және жалпы отын дайындау мәселесі бар. Егіс даласына бардым, жағдай жаман емес. Енді бізге егін жинау науқанын тиісті деңгейде өткізу маңызды. Бізден бар керегі - мемлекеттік қолдау, көмектесетін боламыз. Жалпы алғанда, жол құрылысы, көшелерді жарықтандыру, оларды ретке келтіру сияқты мәселелерде үлкен жүйелі жұмыс қажет. Бұл жұмыстарды бірге орындайтын боламыз.

СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Маған көрсеткен жоғары сенімдеріңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Өз тарапымнан ауданымызға қызмет ету жолында барынша күш салуға міндеттенемін.

АЙЖАН АҚТАЕВА, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
19:38, 6 желтоқсан 2019
БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
19:20, 6 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...