ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

БУРАБАЙ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНЫҢ ДАМУЫ

19:59, 15 наурыз 2019

РКС: Қазіргі таңда, Бурабай аумағында 5 мың орындық қонақ үйлер орналасқан. Олардың қатарын тағы 4 мыңға толықтыру үшін 3 және 4 жұлдызды қонақ үйлер салу жоспарға қойылған. Әсіресе, Бурабай аймағында орналасқан өнеркәсіп аумағы жойылып, орнына танхаус-үйлер салынуда. Үйдің бірінші кезегі сатылып қойған. Енді, құрылыс жұмыстары жағалауға қарай одан әрі жалғастырылмақ. Сондай-ақ, Бурабай кентінде заманауи конгресс орталық салу мақсат етілген. Әлемдік деңгейдің талаптарына жауап беретін ғимаратта түрлі ірі іс-шаралар өткізу жоспарған қойылған.

СНХ: МАРАТ ИҒАЛИ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  / Бурабай курорттық аймағында нендей проблемалар бар? Бізге келетін 1 миллион 200 мың туристтің 300 мыңы ғана қонақ үйлерге орналасады. Ал, қалғаны күні бойы болып кешке кетіп жатады. Бұл жердегі мақсатымыз осы миллион жарым туристердің барлығын қонақ үйлерде қондыру. Ол үшін белгілі шараларды қабылдау үстіндеміз. Облыс әкімі тапсырмасымен арнайы бағдарлама әзірленді. Барлық күшті күз, қыс пен көктем мезгілдеріне жұмысдырмақпыз. Осы ісіміз жүзеге асса Бурабай аймағын туристерге толтырамыз деген ойдамын.  

РКС: Бурабай курорттық аймағының 2-ші аумағы мүлдем жаңадан құрылмақ. Ол үшін инвесторлардың көмегімен 37 миллион АҚШ доллары қарастырылған. Бұл жаңа аймақтың жолы салынып, кәріз құбырлары жүргізілді. Енді тек  құрылыс жұмыстарын бастау ғана қалды,-дейді облыс әкімінің орынбасары. Жаңа курорттық аймақтың құрылыс дизайнына швейцариялық компания жауап бермек. Сонымен қатар, бұл аймаққа автомобильдермен жүруге рұқсат болмайды. Тек электромобильдер ғана кіріп шықпақ. Туристердің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шопинг орталықтар, түрлі дүкендер мен 3-4 жұлдызды қонақ үйлер салынбақ. Текекөл аумағына жақын орналасатын бұл жаңа аймақ «Ақ бура» деп аталмақ.

СНХ: МАРАТ ИҒАЛИ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тағы бір мақсатымыз ол бағаның қолжетімді болуы. Өздеріңіз естіп білген де шығарсыздар, Бурабайға келіп демалғанша, Түркия еліне барып қайтқан жақсы деп. Осы жағдай бізде қалыптасқан. Ол үшін 3-4 жұлдызды қонақ үйлерді салуға ден қойып олтырмыз. Яғни, олар орта буын өкілдеріне арналып салынбақ. Тағы бір атап өтерлігі. Қыс пен жазда бізде бір баға. Қонақ үйлердегі жеңілдіктерді ұйымдастыруды қараудамыз. Дегенмен, жеке сектор болғандықтан, нарық жағдайына еш әсер ете алмаудамыз.

РКС: Бурабай корттық аймағы дамуыту үшін Щучинск қаласын да жаңғырту қолға алынбақ.  Ол үшін жаңа жобалар да әзірленуде. Атап айтар болсақ, болашақта қала орталығында көрме алаңы орналастырылып, арқан жолы салынбақ. Ал, Оқжетпес тауының өзі түрлі түсті жарықтармен жарақтандырылып, су бұрқақтар қойылады. Міне, сол кезде ғана біз діттеген межемізге жетіп, туристер санын көбейтеміз деген ойдамыз,-дейді өңірдің туристік саласын дамытуды қолған алған мамандар.

Айгүл Бекетқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...