ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

БУРАБАЙ ТУРИСТЕРДІ КҮТЕДІ

18:21, 13 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Жаз шықса, туристер Бурабайға сабылады. Елдегі төтенше жағдайға қарамастан, туризм саласының жұмысы  онлайн түрде жүргізілді. Карантин аяқталған  соң, туристерді  не  күтіп  тұр?  Айгүл Мырзағалиқызы анықтап көрді.

РКС: Бурабай көркімен көз тартар көрікті мекен. Мұнда болғандардың барлығы оның сұлу табиғатына тәнті болады. Жыл артқан сайын Қазақстанның інжу маржанына айналған  мекен дамып келеді. Елдегі қазіргі жағдайға қарамастан жазғы маусымның ашылуын ешкім өзгерткен жоқ. Дайындық  жоғары деңгейде, жұмыс онлайн түрде жүргізілуде.

СНХ: АЗАМАТ БАЙМҰҚАНОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ/// РУС/ Біз Щучинск-Бурабай туристік маршрутын дамытуға байланысты мәселелер қаралған онлайн жиынға қатыстық. Оған «Турбизнес», Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақтуризм», облыстық туризм басқармасы қатысты. Сондай-ақ карантин кезінде  біз туристік нысандармен онлайн режимде байланыс орнаттық. Карантин аяқталған соң жазғы маусымды бастауға қатысты сұрақтарға жауап іздедік.

РКС: Биылғы жылдың жазына жоспар көп. Атап айтқанда жыл сайынғы зәкірлі жобалар, йога мен бард әндер фестивальдары, «Burabike Fest» спорттық шарасы, «Қансонар» халықаралық турнирі бар.  Әрине, аталған шаралардың өткізілуі елдің алдағы жағдайына байланысты. Бұдан бөлек, жаңа нысандардың құрылысы да қолға  алынғалы отыр.

СНХ: АЗАМАТ БАЙМҰҚАНОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ/// РУС/ Биыл «Бурабай Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Визит орталығының»  аумағында үлкен жобаның құрылысы басталмақ. Ол нысан - биіктігі 42 метр шолу шеңбері болмақ. Айналасында аттракцион салынады. Бұл жоба туристерді тартуға көмектеседі. Әрі Бурабай шипажайына  жоғарыдан көз салып, тамсануға мүмкіндік беретін тағы бір жаңа нысан болмақ.

РКС: Туристерге арналған тағы бір жақсы хабар! Абылай хан алаңында заманауи  3Д  мұражайы, жаңа кәдесыйлар дүкені және кофехана ашылады. Бурабай кентінде ірі сауда орталығы пайда болады. Бұл ауқымды жоспардың барлығы коронавирус індеті  тоқтап, жағдай  тұрақтанған соң жүзе асады.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...