ШҰҒЫЛ! ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ. ӨРКЕНДІ ІС. АЙШЫҚТЫ БАҒЫТ Толығырақ

БЫЛТЫР 400-ГЕ ЖУЫҚ АҚМОЛАЛЫҚ АТАМЕКЕНГЕ ОРАЛҒАН

15:09, 14 ақпан 2020

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтыр Ақмола өңірінен 3 мыңнан астам адам шетелге қоныс аударған. Көбі Ресей, Германия, Польша елдеріне көшуде.  Дегенмен, Көкше жеріне 400-ге жуығы оралған. Олардың арасында өзге ұлт өкілдерінен бөлек, қандастарымыз да баршылық.

Ата жұртына оралушылардың саны ауқымды емес. Өңірлік көші-қон қызметі мамандарының айтуынша, жалпы соңғы кезде қазағы бар, өзге ұлт өкілі бар Ақмола өңіріне келіп жатқандардың саны 2018 жылы 700-ден асқан. Ал, былтыр бұл көрсеткіш 841-ді құраған. Яғни, 12 пайызға азайған.  

АҚЫЛБЕК МАДҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі уақытта, біздің Ақмола облысына + тұрақты тұруға заявление көп беріп жатыр. 2019 жылы 738 азамат тұрақты тіркеуде тұр. Олардың көбі, Моңғолия, Қытай, Ресей елінен келген азаматтар. Олардың арасында біздің қазақтар да бар. Шетелдік азаматтар да жоқ емес.

РКС: 20 жыл бұрын Германия еліне көшіп кеткен Иван Числов туған жеріне қайта оралғанына 3 болған. Туған елдің қадірін түсінген Иван туып-өскен жерінде оралысымен отбасын құрып, 1 қыздың әкесі атанған. Әкесі мен шешесі де Ақмола өңірінде туылғанына қарамастан, сонау 90 жылдары отбасымен батыс еліне қоныс аударған. Өзге елді жерсінбеген әкесі ұлынан ертерек 9 жыл бұрын қайта көшіп келген.

ИВАН ЧИСЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Адамдары басқаша. Ауа райы да бөлек. Қазақ еліндегідей еркіндік жоқ ол жерде. Германияда жерлестеріміз өте көп тұрады. Олардың барлығы туған елін Қазақстанды айтып сағынысады. Еуропа өмірін бізге түсіну мүмкін емес. Ол үшін сол елде қайта туылуымыз керек шығар. Бізде бір мақал бар, «Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген. Біз де сол сияқты. Туған жеріміз, Отанымызды ұмыта алмадық. Сағыныштан, қайта оралдық.

РКС: Шетелге қоныс аударып жатқандардың көбі жастар. Бір бөлігі оқуға барса, енді бірі жұмыс іздеп кетуде. Бүгінде, атамекеннен көшкен ақмолалықтардың саны 3505-ті құрайды. Туған жерді аңсаған 384 жерлесіміз атажұртына қайтып оралған.  

Авторы: Айгүл Бекетқызы

Операторы: Марат Құмарұлы, Сабыр Құлатай

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
21:36, 14 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
Толығырақ...
 ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
19:41, 14 ақпан 2020
ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР
15:31, 12 ақпан 2020
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮР...
Толығырақ...