ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

17:19, 18 қыркүйек 2019

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері енді шетелдің білім ордаларының ғалымдарымен тікелей байланысқа шығып, білім ала алады. Себебі, университет қабырғасында тұңғыш рет цифрландырылған  бағытта білім беретін зертхана ашылды. Лабораториялық орталық Эразмус+ және  KUTEL жобалары аясында жүзеге асқан. Салтанатты шараға университет ұстаздары мен студенттері қатысты.

Зертхана толығымен жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған. Атап өтсек, 20 моноблок, 3 ноутбук, 2 планшет және су жаңа интерактивті тақта қойылған. Жабдықтардың  жалпы құны 15 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ, бұл зертхана  KUTEL жобасы бойынша ашылуда. Аталмыш жоба жаңа технологияларды пайдалана отыра оқу сапасын арттыруға бағытталған. Жобаны алдағы 3 жылда толығымен Еуропалық комиссия қаржыландырады.    

ЛӘЗЗАТ КӘРІМОВА, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ KUTEL жобалары  аясында осындай зертхана ашып жатырмыз. Зертханаға қойылған барлық жаңа технологиялық құрылғыларды осы жобалар қаржыландырып жатыр. Жаңа құрылғыларға толығымен жаңа оқу бағдарламасы еңгізілген. Сондай-ақ енді студенттер қашықтықта жүріпте білім ала алады.

Зертханада студенттерге өздерінің ғылыми жобаларын жан-жақты зерттеп, зерделеуге де бар жағдай жасалған. Сонымен қатар, енді студенттер басқа мемлекетттің университеттерімен тікелей байланысқа шығып, білікті порфессорлардың дәрістерін тыңдай алса,  ұстаздар өзара тәріжбие алмаса алады.

МЕХМЕТ КУТЫЛМЫШ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ

Бұл тек жаңа компьютерлер қойылып, жаңа жиһаздармен жабдықталған кабинет емес. Осы орталық барлық әлем университеттерінің ғылыми байланыс орны деп айтуға негіз бар. Себебі, студенттер осы жерге келіп, басқа елдің университетімен байланысқа шығып, олардың тілін және білімін меңгереді. Яғни, сол университетте не бар, қандай білім алуда, қандай жаңашылдық бар сосның бәрін алады. Ал, ұстаздар тіклей эфирде өтетін көптеген жобаларға қатысады. Өздеріне керек ақпарат алады.

 

Салтанатты шара соңыңда жиналған көпшілікке зертханада арнайы түсіндірме дәріс оқылды. Ал, университет ұстаздары алдағы аптадан бастап зертханда студенттермен жұмыс бастайтындарын жеткізді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,  ШОҚАН ТАУКИЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...