ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫҚ ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТИІМДІЛІГІ

18:30, 13 маусым 2018

РКС: Бүгінде Ақмола облысын цифрландыруға қатысты бірқатар маңызды жобалар қолға алынуда. Жиын барысында аталмыш сала өкілдері кәсіпорындар мен білім беру мекемелеріне жаңа технологияларды енгізуге қатысты жобаларын ұсынды. Өнеркәсіп саласына келер болсақ, облыс әкімдігінде ағымдағы жылдың мамыр айында кәсіпорындарды цифрландыруға қатысты нақты шаралар бекітілген.

СНХ: ДОСХАН ӘМІРЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Барлық шаралар жоспарға сай  кәсіпорындардың өз күшімен жүзеге асуда. Кәсіпорындардағы технологиялық үдерісті цифрландыруға көшкен ірі кәсіпорындар ретінде «Қазақ Алтын», «Алтын тау», «Көкше-Цемент» және «Семізбай У» серіктестігін атауға болады. Әр кәсіпорынның ерекшелігіне қарай өндіріс процесіне жаңа технологияларды енгізу жұмыстары атқарылуда.    

РКС: Жиын барысында «Казахстан Инновейшн» қоғамдық қорының төрайымы Мәриям Әбішева мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде білім беру нысандарын жарықтандыру жүйесін жаңарту және оны пайдалануға қатысты жобаны ұсынды.  Жоба құны 570 миллион теңгені құрайды. Бұл мектептерде  электр энергиясын үнемдеуге үлкен септігін тигізбек, - дейді ол. Ал Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде электр энергиясын үнемдеуге қатысты жұмыстар басталып кеткен.     

СНХ: ТЕМІРХАН ЖАРҚЫНБЕКОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ Энергоаудит жасалған соң, университеттің бас ғимаратындағы ағаш терезелер пластик терезелерге ауыстырылды. Аристондарды түгел алып тастап, олардың орнына жертөледе жылу алмастырғыштар орнаттық. Бұдан бөлек, барлық электр лампаларын жарықдодты лампаларға ауыстырдық. Осының нәтижесінде электр энергиясына жұмсалған қаражаттың 25-30 пайызын үнемдеп отырмыз.   

РКС: Елбасы өзінің Жолдауында Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін цифрландыру үдерісін мықтап қолға алу қажеттігін айтады. Аталған міндеттерді орындауда бүгінде қоғамның барлық салалары жаңа технологияларды тиімді пайдалануға көшуде.

 ӘЙГЕРІМ БЕКМАҒАМБЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

Б. САҒЫНТАЕВ: «...АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ»
20:29, 25 маусым 2018
Б. САҒЫНТАЕВ: «...АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
20:22, 20 маусым 2018
ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
Толығырақ...