ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР

18:04, 21 қазан 2020

ДИКТОР: Қазір облыстық көпбейінді балалар ауруханасында коронавирус жұқтырды деген күдікпен 5 бала жатыр. Әзірге тест қорытындысы шыққан жоқ. Вирустық індеттен балаларды емдеу үшін аталмыш аураханада арнайы инфекциялық стационар ашылған. Бөлімше медициналық диагностикалық құрал-жабдықтармен, жеке қорғаныс құралдарымен толықтай жабдықталған. Мамандар мен дәрі-дәрмек ресурсы да тиісті талаптарға сай қамтамасыз етілген.

РКС: Егер коронавирустың екінші толқынында балғындар қауіпті індетке шалдықса, облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесі 60 науқасты қабылдауға дайын. Аса күрделі жағдай болса,  жан сақтау бөлімінде бір мезетте 4 пациентті емдеу мүмкіндігі бар. Медицина мамандары әр 2 апта сайын қайта жасақталып отырады. 9 ай ішінде коронавирус жұқтырған 394 бала жазылып шықса,  біреуі көз жұмған.

СНХ: ЕЛЕНА ИВАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: //русс// Балаларда коронавирустың белгілері байқалса, тұрғылықты  жердегі аурухана деңгейінде алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Егер жергілікті дәрігерлерде қандай да бір күдік туындаса,  консультативті көмек керек болып жатса, санитарлық авиация арқылы пациентті бірден облыстық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жеткіземіз.

РКС: Шалғайда орналасқан елдімекендерден пациенттерді медициналық-санитарлық автокөлікпен немесе санавиация арқылы тасымалдау тегін жүзеге асырылады. Өкпе аурулары, қант диабеті мен жүйке жүйесінде ауытқулары бар түрлі созылмалы ауруларға шалдыққан әлсіз балалардың коронавирус жұқтыру қаупі жоғары. Ал жаңа туған нәрестелердің инфекцияға шалдығу деңгейі төменірек,- дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері.

СНХ: ЕЛЕНА ИВАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: //русс// Балаларда үлкендерге қарағанда коронавирус жеңіл өтеді деген субъективті пікір. Бала ойнап, секіріп, жап-жақсы жүріп, бір сәтте жатып қалуы әбден мүмкін. Олар үлкендер сияқты асқыну белгілерін хронологиялық ретпен нақты айтып жеткізе алмайды.

РКС:  Брифинг барысында көтерілген маңызды мәселенің бірі – облыс бойынша балалар дәрігерлерінің  тапшылығы. Бас дәрігердің пікірінше, маман тапшылығын шешудің бірден-бір жолы – ақ халаттыларға әлеуметтік жағдай жасау.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, САБЫР ҚҰЛАТАЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар