ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

COVID 19: ӨҢІРДЕ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ АРТҚАН

17:47, 28 мамыр 2020

ДИКТОР: Карантин шаралары жеңілдетілгелі Ақмола облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 149-ға жетті. Өсім Целиноград және Аршалы аудандарынан байқалған.  Бұған тұрғындардың карантин талаптарын сақтамауы себеп болып отыр, – дейді жауапты мамандар.

РКС: Соңғы 1 аптада Целиноград ауданында 10, ал Аршалы ауданынан  коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 дерек тіркелген. Олардың 90 проценті Нұр-Сұлтан қаласында науқастармен байланыста болған. Отбасылық іс-шараларға  тыйым салынғанның өзінде Қосшы ауылында туған күн тойлаған. Өткен аптада бұл өңірде 6 жағдай тіркелген. Ал, Аршалы ауданының Жібек Жолы елдімекенінің азаматшасы құрбысының үйіне балаларымен қонаққа барып, инфекция жұқтырған.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///Коронавирус инфекциясы бойынша Целиноград ауданында вирус жұқтырғандар саны 130-ға жетті. Аршалы ауданында 8, Көкшетау қаласында 4, Шортандыда 3, Ақкөл ауданында 2, Егіндікөлде 1 және Есіл ауданында 1 науқас тіркелген. Өткен аптаның өзінде 14 адам коронавирус жұқтырған. Өсім 1,4 процентті құрап отыр.

РКС: Карантин шараларының сақталуын бақылайтын арнайы мобильді топтар жұмыс жасауда. Мамырдың 11-і мен 25-і аралығында облыс бойынша 4211 нысан тексеріліп, олардың 525-інде карантин талаптарының сақтамалмағандығы анықталды. Мобильді топтар ескерту және түсіндіру шараларын жалғастыруда.

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, ДАРХАН САҒЫН КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...