ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

COVID-19. ТАСЫМАЛДАУ БОЙЫНША ШЕКТЕУЛЕР ӨЗЕКТІ

20:00, 17 қараша 2020

ДК: Өңірде қауіпті індет таралуының алдын алу мақсатында бірқатар шектеулер енгізілді. Сондай-ақ санитарлық талаптар күшейтілді. Карантин жағдайындағы жолаушылар, теміржол көлігінің жұмысы туралы толығырақ әріптесім баяндайды.

РКС:Шектеулер енгізілгеннен кейін тұрақты халықаралық және облысаралық автобус қатынастарының қозғалысы тоқтатылды. Осы уақытқа дейін автобустардың жүру жүйесі жаңартылған жоқ. Бүгінгі күні жолаушыларды тасымалдау тек ауданаралық облысішілік маршруттар бойынша ғана жүзеге асырылуда.

СНХ:АЛЕКСАНДР РУБЛЕВСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Бүгінгі күні облысішілік автобус маршруттарында жолаушылардың жүруі айтарлықтай қысқарды. Егер былтыр дәл осы уақытта  Көкшетау қаласының автовокзалынан күніне орта есеппен 500-ге жуық адам әр бағытқа аттанса, биыл шамамен 50 адамдай ғана қатынауда.Автовокзалдардағы әлеуметтік қашықтық талаптары жолаушылар тасымалдайтын көліктерде де  солай  қатаң сақталады.

РКС: 9 қарашадан бастап "Көкшетау – Қызылорда" бағыты бойынша теміржолдағы жолаушылар тасымалы аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқарды. Сондай-ақ,  поездарының қозғалысы 1,2,3 кластағы вокзалдар орналасқан станцияларды қоспағанда, Ақмола облысының барлық станциялары арқылы жолаушыларды жолай отырғызып, түсірусіз жүзеге асырылады.

СНХ: РОЗА АРЫСТАНҚЫЗЫ, "КӨКШЕТАУ" ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ///аударма///Тұрақты түрде вокзалдарда санитарлық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шаралар жүргізіледі. Санитарлық бас дәрігердің қаулысы бойынша теміржол вокзалының ғимаратына тек жол жүру билеттерімен ғана кіруге рұқсат етіледі. Шығарып салушылар вокзалға кірмейді.

РКС: Бүгінгі таңда қалалық жолаушылар тасымалын 3 кәсіпорын жүзеге асырады. Санитарлық бас дәрігердің қаулысына сәйкес,жұмыс күндері карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты олардың жұмыс кестесі таңғы  7.00-ден кешкі онға   дейін рұқсат етілген. Демалыс күндері сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін, ал кешкі уақытта сағат бестен сегізге дейін қатынайды.

СНХ: РҮСТЕМ КАЛИШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Соңғы жылдары облыс, қала  әкімдіктерінің қолдауымен автобус паркі біраз жаңартылды. 44 автобус сатып алынды. Тағы 30-ын  автобус паркі, 20-сын "Сейнұр" фирмасы сатып алуға  келісім-шарт жасады. Сөйтіп, 100-ге тарта қала ішінде  жолаушылар тасымалдайтын көлік жаңартылмақшы.

РКС: Карантин талаптарына сәйкес   барлық маршруттарға қатынайтын автобустар күн сайын дезинфекцияланады. Маскасыз көлікке мінуге қатаң тыйым салынған.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АЙГЕРІМ СҮЛЕЙМЕНОВА, ВАСЕЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар