ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

COVID-19. #ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ

20:22, 29 маусым 2020

https://studio.youtube.com/video/46rgNPVFKkM/edit

ДК: Қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халаттылардың жұмысының бірі күні. Біздің түсірілім топ жұқпалы аурулар бөлімшесіне арнайы барып, дәрігерлердің жұмысымен танысып, тіпті науқастармен де тілдесіп қайтты.

РКС: Аурухана ғимараты толық қоршалған. Яғни,  бөгде адамдардың кіріп-шығуына шектеу қойылған. Нысанға кіре берісте арнайы дезинфекциялық құрылғылар орнатылған. Дәл сол жерде бірінші өткізу пункті орналасқан.

ЕСТ. ШУМ:

РКС: Бірінші кезекте – келген адам толық тексеріліп, коронавирусқа арнайы тест тапсырады. Содан кейін медицина қызметкерлері қауіпсіздік техникасын сақтауға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

ЕСТ. ШУМ:

СНХ: РОЗА САЛЫҚОВА, ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІНІҢ АҒА МЕДБИКЕСІ /Аударма//Әрбір қызметкер бөлімшеге кірмес бұрын міндетті түрде 1 қабатта орналасқан денсаулық кабинетінен тексерістен өтуі керек. Олардың сол жерде дене қызуы мен қан қысымы өлшенеді. Одан соң арнайы нұсқаулықпен танысады. Содан кейін ғана қызметкерлер жұмыстарына кірісе алады.

 

РКС: Аурухана қауіпті және қауіпсіз болып  екіге бөлінген. Қызметкерлер жұқпалы аурулар бөлімшесіне кірер алдында арнайы киім киеді. Оның дұрыс киілуі, денеге қаншалықты жабысып тұрғандығы, ауа өтетіндей саңылаудың болмауы. Осының бәрін қызыл аймаққа кірмес бұрын  арнайы дәрігер-эпидемиолог мұқият  тексереді.

 

ЕСТ. ШУМ:Қызыл аймақ

 

РКС: Бұл бөлімшедегі палаталар екі орындық. Әр палатада  жуынатын бөлме мен душ бар. Науқастар жеке гигиеналық құралдармен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ оларға жатарда киетін киім, сүлгі, іш киім беріледі.  Күніне 6 рет тамақтандырылады.

 

СНХ: НАУҚАС///аударма/// Дене қызуым жоғары болды. Жүрегім айныды. Бұл жай ғана пневмония деп ойламаймын. Бұл өте күрделі пневмония. Егер,  әрине пневмония болса.

СНХ: НАУҚАС///аударма///           Ковид-19 ға тест тапсырдым. Ол расталды. Содан кейін асқынып кетті. Әсіресе, ентігіп тыныс алуым қиындады.  Бұл әзіл емес. Бұрын мен де сенбегем. Жай тұмау деп ойладым.

РКС: Ал, бұл реанимация бөлімшесі. Мұнда, өмірлеріне қауіп төнген  ауыр халдегі науқастар жатыр. Олардың барлығы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

СНХ: АЙЫМГҮЛ МАЛГЕЛДИНОВА, ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕДБИКЕСІ//рус//Шынымды айтсам, мен осында келгенше сенген жоқпын. Адамдарға, өзімнің жақындарыма, таныстарыма барлық сақтық шараларын сақтаңыздар дегім келеді. Бейсауат далаға шықпаңыздар. Үнемі маска тағып жүріңіздер.

РКС: Бүгінде облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде 15 дәрігер, 45 медбике және 23 санитар жұмыс істейді. Бүгінде олар 170-тен астам науқасты емдеп жатыр. Олардың барлығы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығы кезеңінде медицина саласы қызметкерлері еңбегінің  қаншалықты қиын екендігін  сезінді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...