ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

COVID-19: ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ

19:11, 3 желтоқсан 2020

ДК: Биыл Көкшетау қаласында  3 желтоқсандағы жағдай бойынша зертханалық түрде расталған  қауіпті індет инфекциясын жұқтырғандардың 2420 дерегі тіркелді. Қазан, қараша айларында Көкшетау қаласының емдеу-профилактикалық ұйымдарында 80 медицина қызметкерінен вирус анықталды. Әрбір жағдай бойынша егжей-тегжейлі комиссиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Осы және басқа да көрсеткіштер Көкшетау қалалық бас санитар дәрігерінің  қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды. 

РКС: Биылғы жылдың тамыз айынан бастап, 162 тұрғын Сovid-19 белгілері бар пневмонияға шалдықты. Сондай-ақ, желтоқсан айының алғашқы 3 күнінде  72 адам қауіпті індет инфекциясын жұқтырған.

СНХ: ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ///аударма///Әр айдағы көрсеткіштерге жеке-жеке тоқталсақ, қауіпті індеттің қыркүйек айында  27, қазан айында 92, қараша айында 890 дерегі тіркелді. Яғни, уақыт өте келе, көрсеткіштер біршама ұлғайған.  Инфекциялық стационарда 200 науқас ем алуда. Байланыста болған 635 адам үй карантинінде.

РКС: Қауіпті індеттің алдын алу мақсатында карантин талаптарын сақтау бойынша мониторингтік топтар жұмыс істейді. Осыған сәйкес, 2763 нысанға рейд жүргізілді. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 37 млн.теңгеге 760 әкімшілік айыппұл салынды. Айта кетейік, Көкшетау қаласының дәріханаларында қажетті дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры  бар.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...