ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ЖОСПАРҒА ҰСЫНЫСТАР ЖАСАЛДЫ

20:28, 14 мамыр 2020

 

ДИКТОР: «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясы Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарына бірқатар ұсыныстар жасады. Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы, фракциясы жетекшісі Нұрлан Нығматулин фракция отырысында мәлімдеді.

РКС: Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері «5-10-20» пилоттық жобасын заңды түрде қамтамасыз етуді қарастыруда. Сонымен қатар фракцияның ұсыныстарының қатарында ауылшаруашылық өнімдерін, оның ішінде келісім-шарттық қаржыландыру тетігі арқылы кепілдендірілген сатып алу тәжірибесіне негізделген азық-түлікпен қамтамасыз ету бағдарламасын қалыптастыру да бар. Бұдан өзге туристік қызметті заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы жастардың жұмыс орындарын құруға басымдық беруге, эпидемиологтарды, вирусологтарды, инфекциялық аурулар бойынша мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыруға ерекше назар аударамыз деп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар