ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

«ДАМУ» ҚОРЫ. МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕКІНШІ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

18:14, 4 қараша 2019


 «Даму» қорының қолдауымен қолға алынған кәсіпкерлікті даму бағдарламалары  аймақта жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Мәселен, Степногорск қаласында  «LimfaSi» медицина орталығының екінші бөлімшесі ашылды. Орталықтағы енгізілген қызметтер мен жаңашылдықтар туралы алдағы тілші материалында.

 «LimfaSi» медицина орталығының  алғашқы филиалы 2018-ші жылы ашылған. Ал, биылғы жоба «Даму» қорының қолдауымен жүзеге асып отыр. Медициналық мекемеде  45 адам еңбек етеді. Олардың 25-сі дәрігерлер. Тәулігіне 70 адамға қажетті ем-дом көрсетіледі.  

ЛЮДМИЛА РЫЖИХ, «LIMFASI» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ Биыл біздің кәсіпорын «қарапайым заттар экономикасы» басымдығы жоғары  жобаларды несиелендіру механизмі» бағдарламасы бойынша Қазақстанның халық банкінен 180 миллион  теңге көлемінде несие алған. Бұл «Даму» қорының жобасы. Жылдық үстемесі 13,5 пайыз. 7,5 пайызын «Даму» қоры субсидиялады. Қалған 6 пайызын өзіміз өтейміз. Сонымен қатар «Даму қоры» осы несие бойынша 30 миллион теңге көлемінде кепілдік ұсынды. 

Данияр Қинаятов - медициналық орталықтың атқарушы директоры. Нұр Сұлтан қаласындағы медициналық академияны тәмамдаған соң, ол өзінің еңбек жолын Петропавл қаласындағы қалалық емханада бастаған. Кейін Көкшетаудағы жедел медициналық жәрдем бекетінде бас дәрігер, Ақмола облыстық денсаулық басқармасы жетекшісінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Данияр Абайұлы медициналық мекемеде енгізілген қызметтер мен жаңашылдықтарды тілге тиек етті.       

ДАНИЯР ҚИНАЯТОВ, «LIMFASI» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Бұл жоба – алғашқы медициналық орталықтың жанды жалғасы.  Мұнда медицина нарығындағы тапшы қызметтерді есепке ала отырып, қызметерді анағұрлым ұлғайттық. Мұнда МРТ диагностика, бейнеэндоскопиялық зерттеулер мен амбулаториялық-хирургиялық орталық аштық. Бұл жерде амбулаториялық және пластикалық оталар жасалады. Биылғы жылы емханалық зерттеулер жүргізуге арналған зерхана ашуды жоспарлап отырмыз.     

Орталық мамандары ядролық магнитті-резонансты томографиялық «GeneralElectric» маркалы аппаратымен жұмыс істейді. Оның қуаттылығы 1,5 тесла. Бұл қазіргізаманғы және ерекше дәлдікпен диагностика  жүргізу әдісінің бірі.  

Бұл өте тиімді аппарат. Себебі, кішігірім патологияны анықтай алады.

Орталықтың ендігі жоспары - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кіру. Сондай-ақ оталар жасау мен хирургиялық науқастарға тегін емдеу жүргізу. Айта кету керек,  «LimfaSi» облыстағы пластикалық ота жасайтын бірегей мекеме. Өткен аптада жасалған екі бірдей блефаро пластикалық ота сәтті аяқталғанын атап өткен абзал.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒУЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
16:15, 13 қараша 2019
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...