ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

ДАУЫЛ ЗАРДАПТАРЫМЕН КҮРЕС

20:01, 8 сәуір 2020

 

ДК: Атлантикалық циклон салдарынан облыс аумағында бірқатар ғимараттар мен инженерлік желілер зардап шекті. Көкшетау қаласында электр жарығы сөніп, түн ортасында қалыпқа келтірілді. Сондай-ақ, шаһарда дауылдың екпінімен 30-ға тарта аялдама аударылып, бірқатар жарнама банерлері, көліктер, балкондар мен шатырлар қираған.

STAND-UP: АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, РЕДАКТОР /// 7 сәуір күні орын алған дүлей дауылдан облыс ортталығында бірқатар ғимараттар жапа шекті. Одан бөлек, аялдамалар, жарнама банерлары, электр желілері де қызметін тоқтатқан еді. Өздеріңіз көріп отырған мына шатыр Әуелбеков көшесі 166 мекенжайы бойынша орналасқан. Облыс орталығында осындай көпқабатты 4 тұрғын үй жапа шеккен. Мамандар шатырды қалпына келтіру жұмыстарын жоспарлау үстінде.

РКС:Александр – құрылыс инженері. Өзі тұратын үйдің жаңа шатырының дауылға төтеп бере алмағанына маман таңданған жоқ. Ол шатыр дұрыс бекітілмеген деген болжам айтып отыр.   

СНХ: АЛЕКСАНДР ВЛАСЮК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ (аударма)///Шатырды бекітуде тиімді тәсіл қолданылмаған. Қалай болғанда да, алдымен сараптама шешімін күту керек. Кейін соған сай әрекет жасалады деп күтеміз.

РКС: Қазір тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мамандары айналаға шашыраған құрылыс қалдықтарын жинастыруда. Пәтер иелері тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша шатырға жөндеу жұмыстары 4 жыл бұрын жасалғанын айтады. Қазір олар келісім-шарт бойынша ай сайын 2400 теңге төлеп отыр. Ал, Геннадий Ломоносов әуел бастан, жөндеу жұмыстарына көңілі толмағанын жеткізді. 1 топтағы  мүгедек тіпті, өз пәтерінің кіреберісіне жеке бастамасымен жөндеу жүргізіпті.

СНХ: ГЕННАДИЙ ЛОМОНОСОВ, ТҰРҒЫН (орысша) Мына жерге кафель төселуі керек еді. Баз-баяғы қалпы цемент күйінде қалдырып кетті. Жөндеу жұмыстары сапасыз  жасалды.

РКС: Қазір қалаға келтірілген зиян мөлшері анықталуда. Құбыладан соққан қара жел бұдан бөлек тағы 13 тұрғын үйдің шатырына зиян келтіріпті.   Облыс аумағындағы 189 елді мекен электр жарығынсыз қалды. Олардың негізгі бөлігі қалыпқа келтірілді. 30-ға тарта ауылда желіні жөндеу жұмыстары бірнеше күнге жалғасады. Көкшетауда да жарықпен қамтуға 12 бригада жұмылдырылған.

СНХ: АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ /// (орысша) Электр жарығы желілерінен бөлек, аса ірі мөлшерде ғимараттардың шатыры мен сыртқы жабынына зиян келтірілген. Облыс аумағында 115нысанға зардап келген. Оның 67-сі тұрғын үй, 8-і кәсіпкерлік нысан. 40 әлеуметтік сала ғимараттары бар.   Келтірілген материалдық шығын аптаның соңына дейін толық есептеледі. Осы мақсатта арнайы комиссия құрылады.

РКС: Қала әкімі Амангелді Смайылов тұрғын үй шаруашылығы бағдарламасы бойынша жөндеу жасалған ғимараттарды қалыпқа келтіруде әр нысан жеке қарастырылатынын жеткізді. Кепілдік мерзімі аяқталмаған тұрғын үйлер мердігерлер есебінен қалыпқа келтіріледі. Бағдарлама 2011 жылы бастау алған. Жалпы қалада 66 тұрғын үй жаңғыртылыпты. Оларға 1,3 млрд. теңге қаржы жұмсалған.

ИНФОГРАФИКА   

ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ЖАҢҒЫРТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2011 ЖЫЛЫ БАСТАУ АЛҒАН   

66 ТҰРҒЫН ҮЙ  

1,3 МЛРД. ТЕҢГЕ

СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ /// Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша жөнделген әрбір үйді жеке қарастырамыз. Бұл үйлерде құрылыс жұмыстарының барысын тұрғындар бақылады, және құрылыс аяқталған соң атқарылған жұмысты да өздері қабылдап алды. Тұрғындар мердігер компанияны, атқарылатын жұмыс көлемін де өздері белгіледі. Алайда, қазіргі жағдай бойынша нақты шешімді арнайы комиссияның ұсынған мәліметіне негізделіп шаралар қабылдайтын боламыз.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.  ЖИҺАНГЕР МҰХАНБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...