ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

ДАУЫЛДЫҢ САЛДАРЫНАН БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

19:58, 8 сәуір 2020

 

ДК: Кешегі дауылдан облыс аумағы бойынша 20-дан астам тұрғын зардап  шеккен. Олардың 18-і облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілсе, бірі мерт болған.

 

СНХ: ГҮЛНӘР ПИНЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: /рус/ Житель села Урумкай Бурабайского района. Значит крыша ангара слетело. И данный гражданин погиб. 1980 года рождения. + Заявений никаких не поступало. Потому что природное явление. Метерологический.....Мерт болған азамат Бурабай ауданына қарасты Ұрымқай селолық округінің тұрғыны.  Төбесіне қойманың шатыры құлаған. Осылайша, ол мерт болған. 1980 жылы туған азамат еді. Ешқандай арыз-шағым келіп түспеді. Себебі, бұл табиғаттың салдарынан болып отыр.

РКС: Ауруханаға жеткізілгендердің бірі бас сүйегіне және миына зақым келген. Оған өңірдің нейрохирургтары ота жасады.  Дәрігерлердің айтуынша, ауыр халде жеткізілген ер адамның төбесіне Әуелбеков көшесінің бойында орналасқан ғимараттың шатыры құлаған. Қасында қарындасы болған.   

СНХ: МҰРАТБЕК БЕКМҰХАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ:/қаз,рус/Басынан жарақат алып + Операция жасалды. Реанимацияда жатыр. + Барлығы ойдағыдай өтіп, ем алып жатыр. Халі пока ауыр.

РКС: Материал эфирге дайындалып жатқан сәтте отадан кейін жан сақтау бөлімшесінде жатқан ер адамның қайтыс болғаны туралы хабар жетті. Амбулаторлық ем алған 17 адамның көпшілігінің басына, аяқ-қолдарына зақым келген. 6 адам аялдамаларда тұрған кезде түрлі жарақат алған. Тіпті, бірінің үстіне көпқабатты үйлердің балкондарындағы торлар да құлаған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...