ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ДЕНСАУЛЫҚ - 2019» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

15:03, 11 қаңтар 2019

РКС: Көкшетаудағы жоғары оқу орындарының қара шаңырағы саналатын білім ордасы аталмыш спартакиаданы жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған. Қатарынан 22 жыл өтіп отырған жарысқа университеттің жүзге тарта профессор, оқытушылар құрамы мен қызметкерлері жұмылдырылған. Олардың арасында жасы жетпістен асқан ардагер ұстаздар да бар. Салауатты өмір салтын насихаттауды дәріптеген  бұл бәсекеге әр факультеттің ұстаздары тыңғылықты дайындықпен келген.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ, /// Бұл жарысты біздің ұстаздар қауымымен қызметкерлеріміз асыға күтеді. Себебі әр факультеттердің ұстаздары білектерін түріп, намысқа тырысып барын салып ойнайды. Бір жағынан бұл спартакиада арқылы ұстаздар мен қызметкерлердің ара-қатынастары нығайып, алға бірге жұмыс жасауға кіріседі. Әрі студенттерге үлгі көрсетіп, қызықты ойын өрнегін жасайды.

РКС:  Спартакиадада 6 команда спортттың 7 түрінен бақтарын сынады. Яғни, көңілді старт, футзал, шахмат, үстел теннисі, арқан тарту сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Қатысқан әр ұстаздың көздеріндегі жалын от, жүректегі сенім оларды жеңіске жетелейді.

СНХ: ЕРЛАН СЫЗДЫҚОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, //// Бұл жарысқа жылда қатысамын. Жыл сайын жаңа ойындар қосылып, біздің қызығушылығымызды арттыруда. Спорт - денсаулық кепілі. Сондықтан да бұл шараның барлық ұстаздар үшін маңызы зор.

РКС: «Дені сау ұрпақ – жарқын болашықтың кепілі» деп басталған аталмыш спартакиада  8-18 қаңтар аралығында өтеді. Жеңімпаз команда университет тағайындаған ғылыми кеңес кубогына ие болады. Жоғары оқу орны ағымдағы оқу  жылы барысында осындай маңызды спорттық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
15:11, 21 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Толығырақ...
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ  4 МЛРД ТЕҢГЕ  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
15:11, 21 қаңтар 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ 4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
18:43, 15 қаңтар 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
Толығырақ...