ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

18:36, 23 тамыз 2019

ДК: Жаңа оқу жылы қарсаңында тамыз конференциясын өткізу игі дәстүрге айналған. Өткен жыл жетістікке толы, келер жылға қойылар міндет көп. Жаңа оқу жылында облыс бойынша 16 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары меткеп табалдырығын аттайды.  Конференцияда көтерілген мәселелер жөнінде әріптесім Айжан Ақтаеваның материалынан білетін боламыз.

РКС: Ендігі кезекте мұғалімдердің еңбек демалысы 56 күнге дейін созылады. Бүгінде өңірдегі білім саласында айшықты істер көп. Атап айтқанда, ағымдағы жылы білім сапасы 62 %-ды құрады. Айта кетейік, облыста білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді. Сала бюджеті 73,3 млрд теңгені құрап отыр.

СНХ: ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Облыс аумағындағы мектептерде Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту жүйесі енгізілуде. Өткен оқу жылында жаңартылған бағдарлама бойынша 88 мыңнан астам оқушы оқытылды. Жаңа оқу жылында 4,9,10 сынып оқушылары жаңартылған оқу мазмұны бойынша білім алатын болады. 2021 жылы толық көшу жоспарланып отыр. Білім жетістіктерін бағалау жүйесі кезең-кезеңмен PISA, SAT, ACT халықаралық стандарттарына ауысады. Сонымен қатар, 5+5+2 бойынша 2021 жылдан бастап 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу басталады.

РКС: Конференция барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев білім беру саласындағы негізгі міндеттерді саралап берді. Сонымен қатар, аймақ басшысы бәсекеге қабілетті мамандарды оқыту, қазіргі қоғамда педагог мәртебесін арттыру, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау, нарық талабына сәйкес техникалық мамандық қызметкерлерін даярлау және ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу мәселелеріне тоқталды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұстаздар қауымы мен ата-аналарға жаңа буынды тәрбиелеуде үлкен үміт артады. Себебі, болашақ ұрпақ қажетті білім алып, оны келешекте мемлекет пайдасына тиімді жұмсай білуі тиіс. Бұл ретте, тамыз айында өткен республикалық конференцияда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басым 8 бағытты айқындап берді. Олар отандық білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Бұл ретте, біз облысымызда алда атқарылар жұмыс жоспарын құрдық. Біріншіден, сапалы білім беру үшін білікті кадр мәселесі мен заманауи материалды-техникалық база ісінде жүйелі жұмыстар атқаруымыз тиіс.

РКС: Алдағы міндеттерді айқындаған конференцияда білімнің сапасы, бала тәрбиесі, 12 жылдық оқыту жайында да сөз болды. Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістер мәселелері талқыланып, инновациялар идеялар ұсынылды. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы кеңінен айтылды.

СНХ: СӘУЛЕ ҚҰСАЙЫНОВА, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №3 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Білім саласында көптеген өзгерістер басталып жатыр. Өзгерістер биыл ғана емес, өткен жылдан бері мұғалімдер деңгейлік оқып, курстарға қатысып, жаңа білім мазмұнын жаңартып, сол бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Бізді бір қуантқаны, осы биылғы республикалық тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақылары өсіп, істеп жатқан жұмыстары бағаланып жатыр. Мен оны қолдаймын. Өйткені, мұғалімнің жұмысы өте күрделі.  

РКС: Маңызды шарада балаға үйретуден жалықпай жүрген ұстаздардың еңбегі еленді. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев тәжірибелі, білікті, өз ісіне берік ұстаздарды «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттады.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...