ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 60 миллион теңге көтерме ақы қарастырылған

17:31, 17 наурыз 2017

2016 жылдың қорытындысына сай жастардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,3 пайызды құрады.

2016 жылдың қорытындысына сай жастардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,3 пайызды құрады. Осы орайда, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың басынан 200-ге тарта адам әлеуметтік жұмыс орнына және 100-ге жуығы жастар тәжірибесіне жіберілген. Осы және басқа да мәселелер жастардың әлеуетін дамыту және іске асыруға арналған брифинг барысында мәлім болды.    

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2017 жылы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 400-ге жуық жас маманға 60 миллион теңге көлемінде  көтерме ақы қарастырылған. Бұдан бөлек, жыл сайын республиканың жоғары оқу орындарында білім алып жатқан белсенді әрі озат студенттерге облыс басшысының шәкіртақысы тағайындалады. Кейін, оқуын бітірген соң, олар өңірге қайтып оралып, еңбек жолын осы жерде бастайтын болады. 

 Көбінесе, жастар кеңес алу үшін қай мекеменің көмегіне жүгінерін білмей жүреді. Осы орайда, осыдан бірер жыл бұрын облыс бойынша 20-ға жуық жастар ресурстық орталығы ашылған. Бүгінде аталған орталықтарда қызмет ететін 100-ден артық маман жастарға тегін кеңес беру, мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шаралары туралы ақпараттандыру жұмыстарымен айналысып келеді. Бүгінде, технология дамыған заманда ғаламтор желісінде де белсенді жұмыстар атқарылып жатыр.  

Бұдан бөлек, 2016 жылдың күзінен өңірдің белсенді жастарынан іріктеліп алынған еріктілерді ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындау жұмыстары басталған болатын. Осы орайда, еріктілер туризм, алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпсіздік техникасына қатысты дайындық курстарынан өтті. Бірер айдан соң өтетін көрмеге облыстан 250-ге жуық ерікті дайындалып жатыр.

 

Әйгерім Бекмағамбетова, Дархан Сағын

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
18:36, 17 қараша 2017
ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...