ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

«ДИПЛОММЕН-АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 1,5 МЛРД.ТЕҢГЕ БЮДЖЕТТІК НЕСИЕ БЕРІЛМЕК

17:04, 14 қаңтар 2021

ДК: «Дипломмен ауылға» жобасы 2009 жылы ең алғаш рет қолға алынды. Содан бері 60 мыңнан астам маман 7,4 миллиард теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алған. Ал 30 мыңға жуық маманға тұрғын үй сатып алу үшін 90 миллиард теңгедей бюджеттік несие беріліпті. Соңғы жылдары жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлудің оң серпіні байқалады. Ақмола облысы бойынша  былтыр  «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы арқылы 434 маман елдімекендерде жұмыс істеуге ниет білдірген. Оның 341-і білім беру саласының маманы. Бағдарламаның игілігн көріп отырғандармен әріптесім Ақбота Съезқызы тілдесіп қайтты.

РКС: Гаухар Мұхамеджанова Жанайдар Мусин атындағы қазақ жоғары педагогикалық колледжін тәмамдағаннан кейін, еңбек жолын ауылдан бастауға шешім қабылдайды. Жас маман Айдабол орта мектебінде ағылшын тілінен сабақ береді. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отырғандардың қатарында.  

СНХ: ГАУХАР МҰХАМЕДЖАНОВА, АЙДАБОЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ ///қаз/// Біз сияқты жаңадан оқуын бітіріп, жұмыс таба алмай жүрген жастарға бұл бағдарламаның шарапаты мол. Мен осы бағдарлама арқылы ауылға келіп, қазір мектеп жұмыс істеп жатырмын. Үкіметтің жеңілдетілген несиесі арқылы үй алдым, көтерме жәрдемақы да берілді. Шалғайдағы елдімекенге баруға еш қорқудың қажеті жоқ. Мемлекеттен қолдау зор, тек соны ұтымды пайдалана білу керек. Жастарды ауылға шақырамын.

РКС: «Дипломмен-ауылға» бағдарламасының негізгі көздегені елдімекендерде, әсіресе шалғайдағы ауылдарда кадрлық әлеуетті және қызмет көрсету деңгейін арттыру. Бір атап өтерлігі, бұл бағдарламаға әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешен мамандарымен қатар өткен жылдың қазан айынан бастап ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. Әлеуметтік қолдау жағына келсек, көтерме жәрдемақы 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін ұлғайтылды. Ал баспана сатып алуға немесе тұрғын үй салуға 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ең төменгі жылдық сыйақымен 15 жылға  бюджеттік несие беріледі.

СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ//аударма///В 2020 году выдано 434 бюджетных кредита...Былтыр 1 миллиард 734 миллион теңге шамасында 434 бюджеттік несие берілді. Әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіп кешенінде еңбек етіп жатқан 627 маманға 173 миллион 300 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Бұл бағдарлама бойынша жұмыс биыл да жалғасады.

РКС: Айта кетейік, биыл тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 339 маманға 1,5 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие беру көзделіп отыр. Ал кезекте  522 маман тұр.

АҚБОТА СЪЕЗҚЫЗЫ,  МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...