ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

Е. МАРЖЫҚПАЕВ: «...АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДІҢ ӘКІМДЕРІНЕ КӨМЕКТЕСІП ТҰРЫҢЫЗДАР»

19:30, 16 мамыр 2019

РКС: Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев  диқандардың биылғы егіс науқанына дайындық барысымен танысып, зейнеті мен бейнеті қатар жүретін егіншілік кәсібі көктемгі дала жұмыстарына тыңғылықты дайындалып, өнімнің саны мен сапасын артыруды тапсырды. Айта кетейік, облыс бойынша  3 млн. 600 мың гектар аумаққа дән сіңірілмек. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 пайызға төмен. Зеренді ауданы 248 мың гектар аумаққа егіс науқанын жүргізбек.  

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ://Жаңа техниканы қолдану керек. Бір орында тұрып қалмай, берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану маңызды. Егін егу  оңай жұмыс емес, әрине. Жаңа инновацияны іске қоспасақ болмайды. Ауылдық жерлердің әкімдеріне көмектесіп тұрыңыздар. Айта кетерлігі, Зеренді ауданына биылғы жылы қомақты қаржы бөлініп отыр.  «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік  бағдарламасына енген үш ауданның бірі Зеренді.

РКС: Өңірде ауыл аумақтарының әлеуметтік ортасын жаңғырту бойынша «Ауыл - ел бесігі» жобасы қолға алынған болатын. Аталмыш жоба аясында мәдени-тарихи мұраға бай және теңдессіз табиғатымен танымал Зеренді ауданында туристік кластерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев  ауданда орналасқан бірнеше демалыс орындарын аралап, туристерге жасалып отырған жағыдайлармен танысты. Жалпы,  биылғы жылы облыс көлемінде  «Ауыл - Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін 2,8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.  

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ://Бүгінде өңірде  40 туристік нысан бар. Олардың санына ғана емес, сапасына да назар аударуымыз керек. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы туризмді дамытудың жан-жақты жолдарын қарастырып, туристерді көптеп тартуымыз қажет.

РКС: Өңір басшысы Ермек Маржықпаев жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын «Bilc Terminal» серіктестігінің құрылыс жұмысымен танысты. Аталмыш серіктестік майлы дақылдарды өңдеу, диірмен кешені және құс өнімдерін өңдеу жұмысымен айналысады. Май зауытының өндірістік қуаты жылына 12 мың тонна болса,  диірменнің өндірістік қуаты тәулігіне 60 тоннаға дейін. Ал, құрылысы қолға алынып жатқан құс фабрикасы ағымдағы жылы қолданысқа берілетін болады. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев өндіріс құрылысын мейлінше жылдамдатып, нәтижелі жұмыс жасауды тапсырды. Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Гранитный селосының жылу қазандығының жылдық қорытындысын бақылап, Гранитный негізгі мектебінің ұжымымен кездесті. Одан соң өңір басшысы Ермек Маржықпаев Зеренді аудандық ауруханасында болған сәтінде кадр тапшылығына байланысты жоғары оқу орындарымен келісім-шарт жасау арқылы жас мамандарды тарту тапсырмасын жүктеді. Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі  Ермек Боранбайұлы Зеренді ауданының әкімі Берікжан Әбутәліповке әлеуметтік және туризм салаларын дамыту жөнінде нақты  тапсырмалар берді.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...