ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

18:15, 12 тамыз 2019

ДИКТОР: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің   Ақмола облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Жиын барысында  Көкшетау қаласының әкімінің орынбасары жыне аудан әкімдерінің орынбасарлары мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын бұзудың алдын алудың тиімді  тетіктерін талқыға салды. Әдеп кеңесі мүшелерінің айтуынша мемлекеттік қызметкерлердің еңбегін ескеру, мемлекет тарапынан түрлі қамқорлық жасау жоспарда бар .

РКС:  Әдеп кеңесінің мүшелері жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары  талқыланды. Сонымен қатар , облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы тыңдалды. 

СНХ: АЛТЫН АҚБАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ   ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ  БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Жергілікті атқарушы органдармен әлеуметтік қорғау саласында бүгінгі күні 21 қызмет түрін көрсетеміз. 21 Мемлекеттік қызметтің 14-і мемлекеттік корпорация арқылы алтерьнативтік негізде көрсетіледі. Жеті Мемлекеттік қызмет электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүргізіледі. Электронды қағаз түрінде жеті Мемлекеттік қызмет, қағаз түрінде он төрт Мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, қазақстан республикасы үкіметінің 2013жылдың 18 қыркүйек күні қабылдаған қаулысы мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы екі қызмет көрсетеді. Қалған қызметтерді аудандық «халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері мен жұмыспен қамту орталықтары» көрсетеді. Аталған екі қызмет түрі бұл, шетелдік жұмыскерлердің еңбек күшін пайдалануға рұқсатнаманың мерзімін ұзарту. Екінші қызмет, бұл "оралман"мәртебесін беру және ұзарту.

РКС: Елімізде қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілерге артылар жүк жеңіл емес. Уақыт өте келе мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету сапасын көтеру, халықпен ашық әрі тығыз байланыс орнату – мемлекет тарапынан қойылып отырған басты талаптардың бірі. Айтылған талаптарға сай болу үшін мемлекеттік қызметкер өзгелерге әділдігімен, іс-әрекетімен, білімімен, тәжірибесімен үлгі бола білуі керек.  

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ,  ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ   «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
19:38, 6 желтоқсан 2019
БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
19:20, 6 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...