ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! Толығырақ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

15:47, 12 ақпан 2018

Жиында алдымен Әдеп кеңесінің мүшелігіне облыстық «Көкше» телеарнасының директоры Әлібек Жартайұлы Татановтың қабылданғаны туралы айтылды. Одан кейін, Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Қуанышбаевтың баяндамасы тыңдалды. Лауазымды тұлға келтірген деректерге қарағанда, өткен жылы аталған салада сыбайлас жемқорлық деректерінің көріністері байқалмаған. 2016-шы жылы мемлекеттік сатып алу бағытында бірқатар кемшіліктер орын алған екен. Десек те, бүгінде бәрі түзетілген. Қандай да заң бұзушылықтардың болуына жол берілмей келеді.

Әдеп кеңесінде Зеренді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руслан Сәдуақасовқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Лауазымды тұлға аталған қызметке өткен жылдың маусым айында тағайындалған. Сол уақыттан бастап өзінің қарамағындағы қызметкерлерге дөрекі сөйлеп, қысым көрсетіп келген. Басшының қорлығына шыдамаған қызметкерлері үстінен арыз жазып, Әдеп кеңесіне жүгінген. Ал, лауазымды тұлғаның өзі отырысқа белгісіз себептермен келмей қалды.

Әдеп кеңесінің мүшелері мемлекеттік қызметкерге сай келмейтін іс-әрекеттерге барған Рулан Сәдуақасовқа «толық емес қызметтік сәйкессіздігі туралы ескерту» түріндегі жаза тағайындауды ұсынды. Сондай-ақ, жиында Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Нариман Әбдірахмановтың өткен жылдың қорытындысы туралы есебі тыңдалды. Былтыр қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған 100-ден астам іс-шара өткізілген. Сонымен қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында осы бағыттағы материалдар тұрақты түрде жарияланып келеді.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

 «ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
«ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
14:19, 21 мамыр 2018
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
18:21, 17 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
18:21, 17 мамыр 2018
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Толығырақ...