ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ЕГІС НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

13:54, 13 мамыр 2020

 

ДИКТОР КАДРДА:  Не ексең соны орасың! Сандықтау ауданының диқандары көктемгі дала жұмыстарына жаппай кірісті. Биыл аудан егіншілері 250 мың гектар егістік алқабына дән сіңірмекші. Сандықтау диқандары ұрпақ сабақтастығымен мақтанады. Атақты Оразалиндер, Закусиловтар, Дохаевтар мен Абуевтар әулеті аграрлық салада көпшілекке танымал. Отбасылық құндылықтарды сақтап, 4 ұрпақта соқасы мен орағын қолдан түсірмей келе жатқан жанұяларды бірі – Абуевтар отбасы.     

 

ЖКС: Магамед Абуев 30 жылдан астам уақыт егін шаруашылығымен айналысып келеді. Отбасындағы 7 ағайынның бәрі де осы жерде. Алакеуімнен алқапқа басына барып, айналаны бір шолып шықпасам ішкен асым ас болмайды, дейді диқан. Бүгінде 6 заманауи егу кешені алқапта дән сеуіп жүр. Бір тәулікте 800 гектар жерге тұқым себіледі. Мамыражай мамыр айы мейірімін төгіп, ауа райы тосын мінез танытпаса алдағы 10-12 күнде көктемгі науқанды толық аяқтау жоспарда бар. Ең бастысы, жұмыскерлер сапында, жер бабында.  

 

СНХ: МАГОМЕД АБУОВ, «СПАССКОЕ АГРО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

////4-ші ұрпақ қазақ жерінде тұрып жатырмыз. Атамыздан бастап жер бастап, егін егумен айналысамыз. Балаларымызды да баулып жатырмыз. Мен үшін біздің жер ең құнарлы. Елдің адамдарымен мақтана аламын.   ////

 

ЖКС: Жалпы шаруашылық 11 мың гектар егістік алқабына дән себуді жоспарлап отыр. Негізгі бөлігі бидайдың қатты және жұмсақ түрлері болса, 2 жарым гектарға арпа егілмек. Майлы дәнді-дақылдардың да көлемі де ұлғайтылмақшы. Бүгінде кәсіпорында 70 адам еңбек етіп жатыр. Машина-трактор базасы толықтай жаңартылған.    

 

СНХ: ВИТАЛИЙ ЛИТВИНОВ, МЕХАНИЗАТОР

////Сонау 90-шы жылдардың ортасынан бастап техника тізгіндеймін. 2 жыл болды жаңа егін кешенін меңгеріп алдым. Күніне 120 гектарға дейін егін себебін. Бір маусызда бір мың гектар ексем мен үшін жақсы меже. .////

 

ЖКС: Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында серіктестік мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталықты жөндеп беріпті. 6 миллион теңгеге қажетті жабдықтар сатып алынды. Сонымен бірге мектеп оқушыларының ыстық тамағы да кәсіпорынның мойнында. Өткен жылы қоғамдық монша салынса, биыл наубайхана, дәмхана сияқты әлеуметтік нысандар пайдалануға берілмек. Бүгінгі таңда елді-мекенді абаттандырып, көгалдандыру жұмыстары қолға алынды.

 

БЕРІК ҚАЙДАРҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...