
ДК: Ақ түтек боранда мұз үстіне шығып, жағадан жырақтап кеткен 2 балықшы құтқарылды. Оқиға Бурабай ауданындағы үлкен Шабақты көлінде орын алған. Яғни, жолдан адасқан балықшылар бірден 112 нөміре қоңырау шалып көмек сұрайды. Оқиға орнына аттанған құтқарушылар айналысы 2 сағаттың ішінде қос балықшыны қауіпсіз жерге жеткізді.
ДИКТОР+ВИДЕО: Құтқарылған қос балықшыда Көкшетау қаласының тұрғындары болып шықты. Бірі 69-да болса, енді бірі 66 жаста. Ауа-райына қарамай, қызық қуып балық аулаймын деген балықшылар үйлеріне қайтар жол таппай сандалады. Құтқарушылардың көмегіне жүгінген оларға тиісті көмек көрсетілді. Айта кету керек, бүгінде өңірде көл бетін бақылайтын 60 құтқарушы және 13 техника бар.
СНХ: ДӘУЛЕТ ШАМИҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ///Кеше 12 қаңтар күні түс ауа сағат 3 кезінде Бурабай аудандық жедел-құтқару жасағына Нива көлігін тізгіндеген қос балықшы жол таба алмай жүр деген қоңырау түсті. Оқиға орнына аттанған құтқарушылар екі балықшыны тауып, Ақылбай ауылындағы туыстарының үйіне жеткізді. Ал, көліктерінде қауіпсіз жерге апардық. Біз осындай боранды күндері мониторингттік жұмыстарды үдете түсеміз. Әсіресе, Қопа көлі, Зеренді, Үлкен Шабақты көлдері басты назарға алынған.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ